О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 29 января 2010 года № 359 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тiзбесiн бекiту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тiзбесiн бекiту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2526, «Дидар» газетінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 23, «Рудный Алтай» газетінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 23 сандарында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінде: 4 бөлім «Жарма ауданы»: 14 жол алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.