О внесении изменения в решение Акжарского районного маслихата от 29 марта 2011 года N 30-2 "О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Акжарского района на 2011 год" Қолданыста
Басқа 0
"2011 жылы Ақжар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемағы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" 2011 жылғы 29 наурыздағы N 30-2 Ақжар аудандық мәслихат шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-I «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына және 2011 жылғы 1 шілдегі № 753 «2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекенді жерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 1-тармағына сәйкес Ақжар аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2011 жылы Ақжар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы» 2011 жылғы 29 наурыздағы № 30-2 (мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2011 жылы 20 сәуірде № 13-4-118 тіркелген және 2011 жылы 14 мамырда № 20 «Дала дидары» және «Ақжар-хабар» газетінде жарық көрген) мәслихат шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2) өтініш түскен кезеңнен тұрғын үй алу үшін мамандардың өтінген сомасында бюджеттік кредит сомасы бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіштен аспайтын әлеуметтік қолдауды.».
Тармақ 2
2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН: 2011 жылғы 27 шілде
«Ақжар аудандық ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А. Киманов
«Ақжар аудандық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Р. Жүнісова