О внесении изменения в постановление акимата Абайского района от 29 декабря 2011 года № 32/10 "О мерах по организации социальных рабочих мест в Абайском районе на 2012 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 32/10 "2012 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 2162 "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" N 316 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы "2012 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" N 32/10 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-126 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 ақпандағы N 5 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы N 8/05 қаулысына қосымша Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 32/10 қаулысына қосымша Әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын ауданның ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелерінің тізімі Реттік N Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер Жоспарланатын жұмыс орындарының саны Жоспарланатын жұмыстардың ұзақтығы (ай) Айлық еңбекақы мөлшері, теңге Жоспарланатын өтемақы мөлшері, теңге 1. "Агро-Арна" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 6 17439 8719,5 2. "Огороды" фермерлік шаруашылығы 7 6 17439 8719,5 3. "Мечта" пәтер иелерінің тұтыну кооперативі 4 6 17439 8719,5 4. "Гелло" пәтер иелерінің кооперативі 3 6 17439 8719,5 5. "Фортуна-Абай" пәтер иелерінің кооперативі 2 6 17439 8719,5 6. "Вера" пәтер иелерінің тұтыну кооперативі 2 6 17439 8719,5 7. "Асар" пәтер иелерінің кооперативі 2 6 17439 8719,5 8. Жеке кәсіпкер Гайсина Л.В. 5 Алғашқы 6 ай 30000 15000 Келесі 3 ай 30000 9000 Соңғы 3 ай 30000 4500 9. "ХАТУУ" ауыл шаруашылығы 10 Алғашқы 6 ай 52000 26000 Келесі 3 ай 52000 15600 Соңғы 3 ай 52000 7800 10. "Геракл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 6 Алғашқы 6 ай 52000 26000 Келесі 3 ай 52000 15600 Соңғы 3 ай 52000 7800 11. ""EURO-Business" микрокредиттік ұйымы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 Алғашқы 6 ай 52000 26000 Келесі 3 ай 52000 15600 Соңғы 3 ай 52000 7800 12. "Агрофирма Құрма" жауапкершілігі шектеулі серіктестік 1 Алғашқы 6 ай 52000 26000 Келесі 3 ай 52000 15600 Соңғы 3 ай 52000 7800 Барлығы 53