О внесении изменения в постановление акимата Бухар-Жырауского района от 29 ноября 2011 года № 34/06 "Об организации общественных работ на 2012 год" Қолданыста
Басқа 0
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы N 34/06 "2012 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес және жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы N 34/06 "2012 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-11-129 болып тіркелген, 2012 жылы 7 қаңтарда N 1 "Сарыарқа" газетінде жарияланған), оған Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 ақпандағы N 02/04 "Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы N 34/06 "2012 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысымен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-11-131 болып тіркелген, 2012 жылы 25 ақпанда N 8 "Сарыарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының N 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 4
Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 19 сәуірдегі
N 10/03 қаулысына қосымша
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 29 қарашадағы
N 34/06 қаулысына N 2 қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері
Тармақ 1
1. Жалғыз басты мүгедектерге, және егде азаматтарға үйінде әлеуметтік қызмет көрсету – сомасы 1760,0 мың теңге.
Тармақ 2
2. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және басқа да әлеуметтік көмек түрлеріне қажетті құжаттар пакетін қалыптастыру - сомасы 1280,0 мың теңге.
Тармақ 3
3. Зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны қайта есептеуді жүргізуге құжаттар қалыптастыру - сомасы 352,0 мың теңге.
Тармақ 4
4. Жастар және жасөспірімдермен жұмыс ұйымдастыру – сомасы 4928,0 мың теңге.
Тармақ 5
5. Халықпен жұмыс, мүлікке, транспорт құралдарына салық төлеу жөніндегі хабарламалар мен квитанцияларды жеткізу – сомасы 1703,0 мың теңге.
Тармақ 6
6. Оралмандарды тіркеуге және құжаттандыруға қажетті құжаттарды жинау және рәсімдеу - сомасы 176,0 мың теңге.
Тармақ 7
7. Құжаттарды көбейту және тарату, хаттар мен шақыру қағаздарды жеткізу, құжаттарды өңдеуді жүзеге асыру – сомасы 528,0 мың теңге.
Тармақ 8
8. Көлік жабдықтарын тіркеу картотекасын енгізу, құжаттандыру номенклатурасын жинау – сомасы 176,0 мың теңге.
Тармақ 9
9. Құжаттарды өңдеу, электрондық базаны енгізу – сомасы 880,0 мың теңге.
Тармақ 10
10. Кадастрлық материалдарды қалыптастыру – сомасы 176,0 мың теңге.
Тармақ 11
11. Құжат айналымын жүргізу, мұрағаттық құжаттарды жөндеу – сомасы 352,0 мың теңге.
Тармақ 12
12. Құжаттандыру жұмысына көмектесу – сомасы 842,0 мың теңге.
Тармақ 13
13. Кент және селоларды көгалдандыру және абаттандыру – сомасы 6934,4 мың теңге.
Тармақ 14
14. Шақыру қағаздарын жеткізу, Қарулы Күштер тізіміне шақыру бойынша халықпен жұмыс жүргізу – сомасы 352,0 мың теңге.
Тармақ 15
15. Әділет органдарында құжаттарды өңдеу бойынша жұмыс жүргізу – сомасы 704,0 мың теңге.
Тармақ 16
16. Электрондық деректер базасын техникалық өңдеу – сомасы 176,0 мың теңге.
Тармақ 17
17. Мұрағат құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеу - сомасы 176,0 мың теңге.
Тармақ 18
18. Құжат айналымын және автоматтандырылған ақпараттық жүйе электрондық базасын жүргізу - сомасы 176,0 мың теңге.
Тармақ 19
19. Тұрғын үй инспекциясының жұмысына көмек - сомасы 176,0 мың теңге.
Тармақ 20
20. "Адресный регистр" электрондық базасын енгізу - сомасы 176,0 мың теңге.
Тармақ 21
21. Құжат айналымын, кіріс және шығыс корреспонденцияларын жүргізу – сомасы 176,0 мың теңге.
Тармақ 22
22. Өсімдік және мал шаруашылығының деректерін шаруашылық кітабі бойынша салыстыру - сомасы 352,0 мың теңге.
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары:
Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, алты сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат. Еңбекақысы жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы, орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру, зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі, жұмыс шарттарына байланысты жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді нысаны қолданылады.
Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.