О внесении дополнения в постановление акимата от 29 декабря 2011 года № 778 "Об определении целевых групп населения на 2012 год" Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 778 "2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Лисаков қаулысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің "2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 778 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-197 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 қаңтарда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С. Сапароваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.