О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 29 июня 2012 года № 89/1 «Об утверждении Правил оказания услуг операторами телерадиовещания» Күшін жойған
Басқа 0
«Телерадио хабарларын тарату
операторларының қызмет көрсету
қағидаларын бекiту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрiнiң 2012 жылғы
29 маусымдағы № 89/1 бұйрығына
өзгерiстер енгiзу туралы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2012 жылғы 29 маусымдағы № 89/1 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7820 болып тiркелген, 2012 жылғы 25 тамыздағы «Казахстанская правда» газетінің № 286-287 (27105-27106) санында, «Егемен Қазақстан» газетінің № 551-556 (27629) санында жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидалары бекiтiлсiн.»;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4. Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидалары
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің 2018 жылғы 7 наурыз
№ 77 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің 2018 жылғы
29 маусымдағы №89/1
бұйрығымен бекітілген
Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар:
Тармақша 1
1) телерадио хабарларын тарату қызметтерін және оларға технологиялық жағынан байланысты қызметтерді көрсететін телерадио хабарларын тарату операторларына;
Тармақша 2
2) телерадио хабарларын тарату қызметтерін алуға телерадио хабарларын тарату операторымен шарт жасасқан жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – абонент);
Тармақша 3
3) отандық теле-, радиокомпанияларға, сондай-ақ шетелдік теле-, радиоарналардың (телерадиокомпаниялардың) филиалдарына (өкілдіктеріне);
Тармақша 4
4) жеке спутниктік және эфирлік қабылдағыш құрылғыларды таратушыларға (бұдан әрі – таратушы) қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) абоненттік жол - жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы;
Тармақша 2
2) жария шартқа қосылу – телерадио хабарларын тарату операторы мен абонент арасында шарт жасасу тәсілі, мұндай шарт кезінде қосылған абонент ұсынылған жария шарттың талаптарын оператор ұсынған осындай жария шартта көзделген тәртіппен қабылдайды;
Тармақша 3
3) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушы – телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының аумағында өзінің спутниктік хабар тарату жүйелеріне ие, телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды, телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықты тарататын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) пайдаланушы жабдығы – теле-, радиоарналардың сигналдарын қабылдауға, өңдеуге және ойнатуға арналған техникалық құралдар (оның ішінде қабылдаушы спутниктік жиынтық, телевизиялық қабылдағыш, радиоқабылдағыш);
Тармақша 5
5) теле,- радиоарнаның сигналы – технологиялық параметрлері техникалық нормаларға және стандарттарға сәйкес анықталатын теле-, радиоарнаның электрлік сигналы;
Тармақша 6
6) телерадио хабарларын тарату операторының желісі – телерадио хабарларын тарату операторы пайдаланатын, теле-, радиоарналарды осы құралдардың параметрлерімен айқындалатын аумақта ретрансляциялауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен байланыс арналарының жиынтығы;
Тармақша 7
7) телерадио хабарларын тарату – телекоммуникацияның техникалық құралдарын пайдалана отырып және тұтынушының ашық немесе кодталған жария түрде қабылдауына арналған телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналарды қалыптастыру және (немесе) тарату;
Тармақша 8
8) шартты қолжетімділік картасы – дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларының сәйкестендіргішін қамтитын, абоненттің телерадио хабарларын тарату операторының көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ететін құрылғы;
Тармақша 9
9) хабар тарату арнасы – шығу көзінен абонентке дейін теле-, радиоарналар сигналын жеткізуді жүзеге асыратын радиоэлектрондық техникалық құралдар қалыптастырған физикалық орта.
Тармақ 4
4. Телерадио хабарларын тарату операторы теле-, радиоарналар топтамаларын қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 368 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 113707 болып тіркелген) бекітілген Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне сәйкес міндетті теле-, радиоарналарды цифрлық хабар таратуда біріншіден бастап, одан жоғары ретті сандарды беру жолымен басым тәртіппен, ал аналогты хабар таратуда бөлу торының басына арналардың жиіліктерін қою арқылы орналастырады.
Тармақ 5
5. Телерадио хабарларын тарату операторларының абоненттермен және телерадиокомпаниялармен телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету кезінде туындайтын өзара қарым-қатынасы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Телерадио хабарларын тарату қызметтері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) эфирлік телерадио хабарларын тарату қызметтері;
Тармақша 2
2) спутниктік телерадио хабарларын тарату қызметтері;
Тармақша 3
3) кабельдік телерадио хабарларын тарату қызметтері.
Тармақ 7
7. Телерадио хабарларын тарату қызметтері телерадио хабарларын тарату операторлары белгілеген тарифтерге сәйкес көретіледі.
Теледидар хабарларын тарату операторы абоненттерге және теле- және радиокомпанияларға Интернет-ресурс және (немесе) Абоненттерге қызмет көрсету орталықтары арқылы тарифтердің өзгергені туралы жаңа тарифтер енгізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 8
8. Телерадио хабарларын тарату операторлары желілерінің құрылғыларында жоспарлы профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде телерадио хабарларды тарату қызметтерін көрсетуді толық немесе ішінара тоқтату түріндегі технологиялық үзілістерге айына бір реттен артық емес, жұмыс күндері алты сағаттан аспайтын мерзімде жол беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету тәртібі
2-тарау. Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Шарт жасасу және бұзу тәртібі
1-параграф. Шарт жасасу және бұзу тәртібі
Тармақ 9
9. Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету жөніндегі шарт жасасу үшін абонент телерадио хабарларын тарату операторына жүгінеді.
Жеке тұлғаларға телерадио хабарларын тарату қызметтері жария шарт болып табылатын, және осындай шартпен көзделген тәртіппен абонентке акцепттен кейін күшіне енетін телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету туралы шарттың негізінде көрсетіледі.
Заңды тұлғаларға телерадио хабарларын тарату қызметтері телерадио хабарларын тарату қызметтері жазбаша түрде жасалатын дара шарттың негізінде көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Шарт жасасу үшін телерадио хабарларын тарату операторына нысаны телерадио хабарларын тарату операторымен белгіленетін өтініш беріледі.
Жеке тұлға телерадио хабарларын тарату қызметтерін алу үшін телерадио хабарларын тарату операторына электрондық өтінішті оператордың интернет-ресурсына немесе жазбаша өтінішті қызмет көрсету орталықтарына беру арқылы жүгінеді.
Телерадио хабарларын тарату операторы абоненттерге интернет-ресурста және қызмет көрсету орталықтарында келесі ақпараттарды:
жария шарт мәтінін;
жөндеу бюросы туралы мәліметті;
абоненттерге қызмет көрсету орталықтары туралы мәліметті;
телерадио хабарларын тарату қызметтерінің тарифтерін;
телерадио хабарларын тарату қызметтеріне төлеудің тәртібін, нысаны мен жүйесін ұсынады.
Тармақ 11
11. Телерадио хабарларын тарату операторының абонентке телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсетудің техникалық мүмкіндігінің бар болуы кезінде шарт жасасудан бас тартуына жол берілмейді.
Тармақ 12
12. Телерадио хабарларын тарату операторы абонентке шарт жасасудан келесі жағдайларда:
Тармақша 1
1) қызмет көрсету мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне, адамдардың денсаулығына немесе қауіпсіздіктеріне қауіп төндірген жағдайда;
Тармақша 2
2) қызметтерді көрсету физикалық, топографиялық немесе өзге табиғи бөгеттердің салдарынан, немесе абонент бөлмесінде техникалық мүмкіндіктердің болмауы есебінен мүмкін емес;
Тармақша 3
3) бос спутниктік сыйымдылықтың және (немесе) эфирлік телерадио хабарларын таратудың цифрлық ағынындағы сыйымдылықтың болмауы кезінде;
Тармақша 4
4) абоненттің техникалық құралдарының осы жабдық түріне қойылатын техникалық талаптарға сәйкес болмаған кезде;
Тармақша 5
5) телерадио хабарларын тарату желілері жобаларының техникалық талаптарын немесе шарт талаптарын сақтамаған кезде;
Тармақша 6
6) телерадио хабарларын тарату операторына лицензияның қолданыс мерзімі тоқтаған кезде бас тартады.
Тармақ 13
13. Телерадио хабарларын тарату операторы телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету кезінде:
Тармақша 1
1) телерадио хабарларын таратудың көрсетілетін қызметі туралы абонентке нақты ақпаратты ұсынады;
Тармақша 2
2) шарт талаптарына сәйкес телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсетеді және абоненттерге қажетті ақпаратты, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары және абоненттермен жұмыс жасау орталығы арқылы енгізілген жаңа тарифтік жоспарлар туралы хабарлайды;
Тармақша 3
3) телерадио хабарларын тарату операторының кінәсі бойынша телерадио хабарларын тарату қызметтеріне қолжетімділік болмаған жағдайда абоненттік төлемді қайта есептеу жүргізіледі;
Тармақша 4
4) телерадио хабарларын тарату қызметімен тәулігіне 24 сағат қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету кезінде анықталған осы қызметтерді көрсетудегі кемшіліктерді жояды;
Тармақша 6
6) абоненттерді желі жұмысының тоқтауына алып келген телерадио хабарларын тарату операторының желісіндегі авариялар және аварияларды жоюдың болжанған мерзімдері туралы қолжетімді әдіспен (бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, жеке кабинет, SMS-хабарлама, телефонмен хабарлау); ақпараттандырады;
Тармақша 7
7) жазбаша өтінішке жазбаша жауапты абонентке оны алған күннен бастап, күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жібереді;
Тармақша 8
8) абонентке телерадио хабарларды тарату қызметі үшін артық төленген қаражатты қайтарады немесе абоненттің келісімі бойынша телерадио хабарларды тарату қызметіне алдын ала төлем ретінде есептеледі;
Тармақша 9
9) телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету туралы жасалған шарттардың есебін жүргізеді;
Тармақша 10
10) телерадио хабарын тарату операторы абоненттен төлемді растайтын құжатты алған немесе оператор телерадио хабарларын тарату қызметтерін төлеу бойынша берешектерінің жойылғанын (телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсетуді тоқтатқан жағдайда) растайтын құжаттарды ұсынған сәттен бастап 12 сағат ішінде абонентке телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсетуді қайта жандандырады;
Тармақша 11
11) интернет-ресурс немесе кол-орталық не абонеттік құрылғыдағы/ телевизиялық қабылдағыштағы қызметтер интерфейсі арқылы тарифтік жоспардың абонеттерін ауыстыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
Тармақша 12
12) телерадио хабарларын тарату қызметтеріне арналған тарифтердің шарттарын олар қолданысқа енгілгенге дейін күнтізбелік он күн бұрын ол туралы абонетке хабарлап өзгертеді;
Тармақша 13
13) абонент деректерді тапсыру қызметтерінің сапасы нашарлағаны туралы (егер сапаның нашарлау себептері абоненттердің тарапынан шағымдарға алып келген жабдықпен немесе оператордың іс-қимылдарымен байланысты болған жағдайда) өтінішті берген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде сапаны қалпына келтіру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және көрсетілген қызметтердің қайта есебін жүргізеді.
Тармақ 14
14. Жеке және заңды тұлғалар бірнеше телерадио хабарларын тарату операторларымен шартты, егер оның басқа операторлардың телерадио хабарларын тарату желілеріне қосылуы осы желілерде бөгеудің туындауына алып келмеген жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте жасасады.
Тармақ 15
15. Жеке және заңды тұлғалармен шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделеді.
Тармақ 16
16. Қолданыстағы телерадио хабарларын тарату желілеріндегі оператордың құқығы басқа тұлғаға ауысқан кезде жеке және заңды тұлғалармен одан бұрын жасалған шарттар бұзылып, осы Қағидаларға сәйкес жаңа шарттар жасалады.
Тармақ 17
17. Жеке тұлғаның заңды мекенжайы және заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы ауысқан кезде шарт бұзылады және қажеттілігіне қарай осы Қағидаларға сәйкес телерадио хабарларын тарату операторымен жаңа шарт жасалады.
Тармақ 18
18. Шартты бұзу туралы өтініш телерадио хабарларын тарату операторына егер Шартта өзгеше көрсетілмесе, шартты бұзудың болжамдалған күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, жазбаша түрде беріледі.
Тармақ 19
19. Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету туралы шартты бұзу, сондай-ақ абонентке, теле, радиокомпанияға телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсетуді тоқтату оның бұрынғы қарыздарын төлеу міндетін жоққа шығармайды.
Тармақ 20
20. Оператор телерадио хабарларын тарату желісіне қолжетімділікті:
Тармақша 1
1) Шарт талаптары бұзылған кезде;
Тармақша 2
2) жабдықтарды пайдалану қағидаларын сақтамаған кезде;
Тармақша 3
3) телерадио хабарларын тарату желісінде сертификатталмаған жабдықты паййдаланғанда;
Тармақша 4
4) телерадио хабарларын тарату операторының телерадио хабарларын тарату қызметтерін уақытында төлемеген кезде тоқтатады.
Телерадио хабарларын тарату желісіне қолжетімділік телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген тәртіпте тоқтатылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Теле-, радиокомпанияларға телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсетудің ерекшеліктері
2-параграф. Теле-, радиокомпанияларға телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсетудің ерекшеліктері
Тармақ 21
21. Телерадио хабарларын тарату операторының қызметтерді ұсыну уақыты жоспарлы бақылау өлшемдерін жүргізу мен жоспарлы тоқтату үшін қажетті уақытты есепке ала отырып жасалған теле-, радиокомпаниялардың апта сайынғы кестесімен регламенттеледі.
Тармақ 22
22. Қызметтердің көлемі ай сайын телерадио хабарларын тарату операторы мен телерадиокомпания қол қойған көрсетілген қызметтер актісінде белгіленеді.
Тармақ 23
23. Телерадио хабарларын тарату операторы:
Тармақша 1
1) теле, радиоарналар сигналдарын тарату кезінде олардың технологиялық параметрлерін сақтауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) енгізілуі шартты орындау талаптарына, хабар тарату арналарының профилактикалық жұмыстарын жүргізу уақытына тікелей немесе жанама түрде қатысты телерадио хабарларын таратудың жаңа техникалық құралдарын қолданысқа енгізу туралы жазбаша түрде күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей телерадиокомпанияларға хабарлайды.
Тармақ 24
24. Теле-, радиокомпания:
Тармақша 1
1) телерадио хабарларын тарату операторымен келісілген теле-, радиоарналардың сигналдарын берудің тоқтаусыз режимін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) телерадио хабарларын тарату операторының техникалық құралдарына телерадио хабарларын тарату операторымен жасалған Шартта көрсетілген техникалық параметрлерге сәйкес келетін теле-, радиоарналардың сигналдарын беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 3. 3-параграф. Спутниктік және эфирлік хабар тарату арналары арқылы теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметтер көрсету ерекшеліктері
3-параграф. Спутниктік және эфирлік хабар тарату арналары арқылы теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметтер көрсету ерекшеліктері
Тармақ 25
25. Спутниктік және эфирлік хабар тарату арналары арқылы теле-, радиоарналарды тарату қызметтері телерадиокомпания телерадио хабарларын тарату операторына ағымдағы апта басталғанға дейін кем дегенде үш жұмыс күні бұрын ұсынатын апта сайынғы хабар тарату торына сәйкес ұсынылады.
Телерадиоарнаны тәулік бойы тарату немесе бағдарламалардың нақты басталу және аяқталу уақыты болған кезде апта сайынғы кесте ұсынылмайды.
Тармақ 26
26. Телерадио хабарларын тарату операторының желісіне беруге арналған хабар таратудың ортатәуліктік және жалпы көлемі, қызметтерді көрсету орны, қызметтер көрсетудің мерзімі телерадио хабарларын тарату операторы мен телерадиокомпания арасындағы шартта көрсетіледі.
Тармақ 27
27. Халыққа спутниктік және эфирлік хабар тарату арналары бойынша еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды тарату қызметтерін көрсетудің басы пайдаланушы жабдығының монтаждалған және күйге келтірілген күні болып табылады.
Халыққа спутниктік және эфирлік хабар тарату арналары бойынша
теле-, радиоарналардың ақылы топтамаларын тарату қызметтерін көрсетудің басы телерадио хабарларын тарату операторы жүйесінде осы қызметтің активтелген күні болып табылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Бейне- және аудиожазбаларды беру қызметтерін көрсету ерекшеліктері
4-параграф. Бейне- және аудиожазбаларды беру қызметтерін көрсету ерекшеліктері
Тармақ 28
28. Бейне- және аудиожазбаларды жіберу қызметтері өтінім келіп түскен сәттен бастап олардың жүргізілген мерзімдері бойынша жіктеледі.
Тармақ 29
29. Бейне- және аудиожазбаларды жіберу қызметтерін көрсетуге өтінім телерадио хабарларын тарату операторына жүргізу мерзіміне қарай жазбаша еркін түрде беріледі.
Тармақ 30
30. Бейне- және аудиожазба жіберудің нақты уақыты өтінімде көрсетілген жіберуді бастау уақытынан бастап өтінім бойынша жіберуді аяқтаудың нақты уақытына дейін, не болмаса бейне-, аудиожазбаны жіберу нақты аяқталғанға дейін анықталады.
Тармақ 5. 5-параграф. Кабельдік телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету ерекшеліктері
5-параграф. Кабельдік телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету ерекшеліктері
Тармақ 31
31. Кабельдік телерадио хабарларын тарату операторлары міндетті теле-, радиоарналарды трансляциялауды және (немесе) ретрансляциялауды кабельдік телерадио хабарларын тарату операторлары мен міндетті теле-, радиоарнаның құқық иесі – телерадиокомпания арасындағы өзара есепке алулар негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. Телерадио хабарларын тарату операторлары абонентті телерадио хабарларын тарату желілеріне оның орынжайында дұрыс жұмыс істейтін абоненттік желі мен параметрлері нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес келетін сертификатталған дұрыс пайдаланушы жабдығы болған жағдайда қосады.
Тармақ 33
33. Техникалық мүмкіндік болғанда және шартқа сәйкес бір абоненттің абоненттік желісі ұжымдық қолжетімділікті ұйымдастыру үшін абоненттік тармақтағыштың бірнеше бұрып жібергішіне қосылуы мүмкін.
Тармақ 34
34. Абоненттің ғимаратында телерадио хабарларын тарату желілері, ал олар орналасқан орынжайда абоненттік желілер жоқ болған жағдайда, жетіспейтін жабдықты және кабельдік желілерді телерадио хабарларын тарату операторы құрастыруы мүмкін немесе басқа тәсілмен жүргізілуі мүмкін. Бұл жұмыстарды орындағаннан кейін телерадио хабарларын тарату операторлары абонентпен Шарт жасасады.
Тармақ 35
35. Абоненттік жабдықтардың түрлері жайлы толық ақпарат телерадио хабарларын тарату операторының интернет-ресурсында (болған жағдайда), сондай-ақ телерадио хабарларын тарату операторының ғимараттарында орналасқан ақпараттық стендтерде орналастырылады.
Тармақ 3. 3-тарау. Жеке спутниктік және эфирлік қабылдаушы құрылғыларды таратушы қызметтің тәртібі
3-тарау. Жеке спутниктік және эфирлік қабылдаушы құрылғыларды таратушы қызметтің тәртібі
Тармақ 36
36. Телерадио хабарларын тарату операторы мен таратушының арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалатын шарт негізінде туындайды.
Тармақ 37
37. Дара спутниктік және эфирлік құрылғылар қабылдайтын цифрлық телевизия сигналдары шартты қолжетімділік жүйелері арқылы кодталған болуы мүмкін.
Шартты қолжетімділік жүйелерінің түрлерін және шифрлау деңгейлерін телерадио хабарларын тарату операторы айқындайды.
Тармақ 38
38. Жабдық цифрлық телерадио хабарларын тарату стандарттарына жауап беруі тиіс.
Тармақ 39
39. Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың цифрлық сигналдарын телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы шартты қолжетімділік жүйелерін қолданбай таратуы тиіс.
Тармақ 40
40. Таратушы:
Тармақша 1
1) жабдықты орнатуды және қосуды;
Тармақша 2
2) жабдықты активтеуді және оператордың шартты қолжетімділік жүйесінің деректер базасына енгізуді;
Тармақша 3
3) арналар тізімін күйге келтіруді;
Тармақша 4
4) орнатылған жабдықтың цифрлық сигналдарын қабылдау сапасын тексеруді;
Тармақша 5
5) абонентті жабдықты және/немесе шартты қолжетімділік картасын қолдану нұсқаулығымен таныстыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 41
41. Таратушы жабдықты орнатқанға дейін сигналды қабылдау мүмкіндігіне және оның абонент құрылғысымен үйлесімділігіне бастапқы тексеруді жүргізеді.
Шартты қолжетімділік жабдығы, сондай-ақ, өзектендіріліп, оператордың шартты қолжетімділік деректер базасына енгізілуі тиіс.
Тармақ 42
42. Заңның 37-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімділік карталарын таратуға тыйым салынады.