О внесении изменения в совместный приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 29 июня 2012 года № 90 и исполняющего обязанности Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 17 июля 2012 года № 222 "Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области телерадиовещания" Күшін жойған
Басқа 0
"Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тексеру парағының нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 90 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушысының 2012 жылғы 17 шілдедегі № 222 бірлескен бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тексеру парағының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 90 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушысының. 2012 жылғы 17 шілдедегі № 222 бірлескен бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 7867 болып тiркелген, 2012 жылғы № 19 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тексеру парағының нысанында:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке сәйкестендіру нөмірі, Бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуiн;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын, жарияланғаннан кейін мәліметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Заң қызметі департаментіне ұсынсын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.