О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2013 года № 1271 "Об утверждении Правил сохранности жилища детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей" Күшін жойған
Басқа 0
«Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 1271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 67, 903-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларында:
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) беруге органдардың келісім беруі құжаттар келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
16. Заңды өкілдер тұрғын үйді жалға алу (жалдау) шарты бойынша алынған ақшаны балалардың банктік шотына аударуға тиіс.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.