О внесении изменений в решение маслихата от 29 апреля 2014 года № 230 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Бурлинского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 230 «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарабалық аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 230 «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4759 тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда «Айна» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бөрлі ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарабалық аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.»; көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің әкімі __________ А. Жиеналин
Басқа 3. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 100 шешіміне қосымша Мәслихаттың 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 230 шешіміне қосымша Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекеннің атауы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің Бөрлі ауылының тұрғындары үшін 20 Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің Песчаный ауылының тұрғындары үшін 1 Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің Тастыөзек ауылының тұрғындары үшін 2