О внесении изменения в решение маслихата от 29 декабря 2014 года № 290 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 290 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 290 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5348 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Белгіленген нормалар шегіндегі отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстар үлесі жиынтық табыстың он пайызы мөлшерінде белгіленеді».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
«Жітіқара ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
____________ А. Мекебаева
2016 жылғы «20» қыркүйек
«Жітіқара ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________Г. Баймухамбетова
2016 жылғы «20» қыркүйек