О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 29 июля 2014 года № 40/01 «Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляется за счет бюджетных средств» Қолданыста
Басқа 0
«Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/01 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/01 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2723 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
Қарағанды облысы әкімдігінің
2026 жылғы 13 наурыздағы
№ 17/03 қаулысына қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 40/01 қаулысына қосымша
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
Ауылшаруашылығы жануарларының түрлері
Аурудың атауы
Жануарлардың бірнеше түріне ортақ
трипаносомоздар
Ірі қара мал
тейлериоз
Жылқылар
сақау
биелердің сальмонеллезді
іш тастауы
эпизоотиялық лимфангит