О внесении изменений в постановление акимата Кордайского района от 29 августа 2014 года № 460 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов» Күшін жойған
Басқа 0
«Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Қордай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Қордай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 460 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2328 болып тіркелген, 2014 жылдың 8 қазанында №159-160 (2091-2092) аудандық «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулымен белгіленген барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарында:
реттік нөмірлері 8, 12, 13, 24, 27 мынадай редакцияда жазылсын:
8
Бетқайнар ауылы
Бетқайнар ауылы, Өтеген көшесі, 1, ауылдық округінің әкімдігі ғимаратының алдындағы тақта
12
Жамбыл ауылы
Жамбыл ауылы, Новая көшесі, 7, ауылдық округінің әкімдігі ғимаратының алдындағы тақта
13
Жаңатұрмысауылы
Жаңатұрмыс ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 2, ауылдық округінің әкімдігі ғимаратының алдындағы тақта
24
Қарасайауылы
Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 1, «Қордай» кеденінің алдындағы тұғырлық; Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 195, «Бауырхан» базары алдындағы тақта; Қордай ауылы, Домалақ ана көшесі, 215, Халыққа қызмет көрсету орталығының аумағындағы тақта; Қордай ауылы, Төле би көшесі, 54, Қордай аудандық орталық аурухана ғимаратының алдындағы тақта
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Т.Ботабековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қордай аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы
_______________С. Ж. Тұрғынбай
«28» қаңтар 2016 жыл