О внесении изменений в решение Егиндыкольского районного маслихата от 29 августа 2014 года № 5С29-6 «Об определении порядка и размера на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Егиндыкольского районного маслихата от 29 августа 2014 года № 5С29-6 «Об определении порядка и размера на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Егіндікөл аудандық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы» 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С29-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6С10-9
- Қабылданған күні
- 24.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2016 109284_146303.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BH005716
- ЭКБ идентификаторы
- 109284
- Редакция идентификаторы
- 109284_146303
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:37
0 Егіндікөл аудандық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы» 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С29-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңдарына, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Егіндікөл аудандық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С29-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4359 болып тіркелген, «Егіндікөл» аудандық газетінде 2014 жылғы 29 қыркүйекте жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы»;
2-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын әр балаға үш айлық есептік көрсеткіш болып айқындалсын.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Егіндікөл ауданының әкімі
____________ Н. Төлепов
2016 жылғы 24 желтоқсан