О внесении изменений в решение акима Мангистауского района от 29 июня 2015 года № 12 «Об образовании избирательных участков в Мангистауском районе» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 12 «Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Маңғыстау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2787 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімге қосымшада: №170 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын: «№170 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекарасы: Қосбұлақ, Қосбұлақ-2 шағын аудандары, Аусары учаскесі және № 13 теміржол бекеті.»; №171 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын: «№171 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Сайөтес ауылдық округі, Сайөтес ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Өрлеу» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты. Шекарасы: Сайөтес ауылы, №6,7,9 теміржол бекеттері.»; №182 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын: «№182 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Жармыш ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Өрлеу» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты. Шекарасы: Жармыш ауылы, № 11-13 теміржол бекеттері, Өреулі, Аманқызылит, Ауыздыбасты, Жапырақты, Күшікбай, Тамды, Дөңгелек, Сарытұрақ, Қарағанды, Қошқар, Шәкей, Нақбай, Құдайберген, Жетікүп, Нысап, Сердалы, Құбай ұшқан, Құрша, Ұзынкөзе қыстаулары.»; №184 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын: «№184 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Онды ауылдық округі, Бекі елді мекені, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Бекі жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекарасы: Бекі, Басқұдық елді мекендері, Байқасқа, Есената, Жарауыл, Майкөмген, Мақсым, Сәубет, Тасбас, Шұқырой, Көріктітөбе, Желтимес, Таубай, Әйлек, Қандыбас, Гүлшат, Бақыт қора, Жолболай қора қыстаулары.»; №188 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын: «№188 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Мекерия Атымов атындағы №6 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекарасы: Ащыбұлақ шағын ауданы, «Каспий Цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жатақханасы.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. "КЕЛІСІЛДІ" Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы