О признании утратившим силу приказа Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1263 «Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан, его ведомств и их территориальных органов, подведомственных Министерству по инвестициям и развитию Республики Казахстан государственных учреждений, казенных предприятий» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрлігінің, оның ведомстволарының және олардың аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің, қазыналық кәсіпорындарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1263 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, оның ведомстволарының және олардың аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің, қазыналық кәсіпорындарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1263 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 12749 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Кадр қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.