О внесении изменений в постановление акимата Павлодарского района от 29 июля 2015 года № 223/7 «Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Павлодарского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі «Павлодар ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» № 223/7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі «Павлодар ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» № 223/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4655 тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 6-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулының 8-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Шаңды, Красноармейка станциясы ауылдарында тұратын балаларды Кемеңгер орта жалпы білім беру мектебіне тасымалдау схемасы
Павлодар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 77/3 қаулысына 1-қосымша Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 223/7 қаулысына 6-қосымша Шаңды, Красноармейка станциясы ауылдарында тұратын балаларды Кемеңгер орта жалпы білім беру мектебіне тасымалдау схемасы Шартты белгілер:
Басқа 5. Мичурин, Үміт апа ауылдарында тұратын балаларды Мичурин орта жалпы білім беру мектебіне тасымалдау схемасы
Павлодар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 77/3 қаулысына 2-қосымша Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 223/7 қаулысына 8-қосымша Мичурин, Үміт апа ауылдарында тұратын балаларды Мичурин орта жалпы білім беру мектебіне тасымалдау схемасы Шартты белгілер: