О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июля 2015 года № 259 «Об утверждении минимального социального стандарта «Обеспечение доступа лиц с инвалидностью к культурно-зрелищным мероприятиям, проводимым государственными организациями культуры» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 259 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 259 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11964 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартында: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі