О внесении изменений в решение маслихата от 29 апреля 2015 года № 297 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 29 апреля 2015 года № 297 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37
- Қабылданған күні
- 05.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 15.03.2024 155748_693902.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21ND009905
- ЭКБ идентификаторы
- 155748
- Редакция идентификаторы
- 155748_693902
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:14
0 Мәслихаттың 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5621 болып тіркелген шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;»;
4-тармақ қазақ тілінде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«4. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы бүкіл тоқсанға көрсетіледі.»;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған нормалар шегінде шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.»;
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн отбасының (азаматтың) шығыстар үлесi жиынтық табыстың бес пайызы мөлшерiнде белгiленедi.».