О внесении изменений в решение маслихата от 29 апреля 2015 года № 297 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5621 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында: 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «2. Тұрғын үй көмегін «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалы Лисаков қаласының бөліміне (бұдан әрі - ХҚО) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.». 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы ___________________ Л. Бочаренко 2015 жылғы «__» желтоқсан