О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 29 сентября 2015 года № 38-6/3 «Об утверждении норм образования, накопления коммунальных отходов и тарифы на сбор, вывоз, захоронение коммунальных отходов по городу Зайсан» Күшін жойған
Басқа 0
"Зайсан қаласы бойынша коммуналдық
қалдықтардың пайда болу және
жинақталу нормаларын және коммуналдық
қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтерін
бекіту туралы" 2015 жылғы 29 қыркүйектегі
№38-6/3 Зайсан аудандық мәслихатының
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Зайсан ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтерін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №38-6/3(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4190 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінде 2015 жылы 18 қарашада №93 санында жарияланған) Зайсан аудандық мәслихатының шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтерін бекіту туралы»;
шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«2. Зайсан қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтері осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін»;
шешімнің 2-қосымшасының:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Зайсан қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтері»;
кестесінің №1 жолының атауы келесі редакцияда жазылсын:
«Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері»;
кестесінің №2 жолының атауы келесі редакцияда жазылсын:
«Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму тарифтері».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.