О внесении изменения в решение Зайсанского районного маслихата от 29 сентября 2015 года № 38-6/3 «Об утверждении норм образования, накопления коммунальных отходов и тарифы на сбор, вывоз, захоронение твердых бытовых отходов по городу Зайсан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтерін бекіту туралы» 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 38-6/3 Зайсан аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 25 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының мәлихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтерін бекіту туралы» 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 38-6/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4190 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінде 2015 жылы 18 қарашада № 93 санында жарияланған) Зайсан аудандық мәслихатының шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: шешімнің кіріспе бөлімі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 2015 жылғы 28 сәуірдегі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» № 104 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3984 тіркелген) қаулысына сәйкес, Зайсан ауданының мәлихаты ШЕШТІ:».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.