О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 4-2/490 «Об утверждении перечней родов и видов растений, по которым патентоспособность и хозяйственная полезность оцениваются по данным государственного испытания или заявителя» Күшін жойған
Басқа 0
«Патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-2/490 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-2/490 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11479 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген патент қабілеттілігі өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 126-1-жолмен толықтырылсын:
«
126-1
Алма ағашының тамырлы телітушілері
Malus Mill.
»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген шаруашылықта пайдалылығы өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы «Жеміс-жидек дақылдарына арналған телітушілер» деген бөліммен толықтырылсын:
«
Жеміс-жидек дақылдарына арналған телітушілер
187
Алма ағашының тамырлы телітушілері
Malus Mill.
».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі