О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 423 «Об утверждении нормативов оснащения доклинических симуляционных кабинетов медицинских колледжей» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағына 28-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91840 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтерінің бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтері бекітілсін»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтері
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығына қосымша Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтері № Жаб­дық­тың ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Ұсы­ны­ла­тын нор­ма Си­му­ля­ци­я­лық ор­та­лық Си­му­ля­ци­я­лық ка­би­нет 1 Жү­рек-өк­пе ре­ани­ма­ци­я­сын орын­да­у­ға ар­нал­ған ма­не­кен да­на 2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) 2 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) 2 Оқу де­фи­брил­ля­то­ры да­на 2 (ор­та­лық­қа) 1 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) 3 Инъ­ек­ци­я­лар дағ­ды­ла­рын орын­да­у­ға ар­нал­ған тре­на­жер (ере­сек / ба­ла­лар) да­на 2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) 1 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) 4 Қуық ка­те­те­ри­за­ци­я­сы­на ар­нал­ған тре­на­жер (ер­лер / әй­ел­дер / ба­ла­лар) да­на 1 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) 1 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) 5 Өк­пе мен жү­рек­тің аускуль­та­ци­я­сы­на ар­нал­ған тре­на­жер да­на 1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) 2 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) 6 То­рап­тар­ды бай­ла­у­ға ар­нал­ған тре­на­жер да­на 1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) - 7 Ко­ни­ко­то­мия және тра­хео­то­ми­я­ға ар­нал­ған тре­на­жер да­на 1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) - 8 Қан тоқ­та­у­ға ар­нал­ған тре­на­жер да­на 1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) - 9 Көз­ді зерт­те­у­ге ар­нал­ған тре­на­жер да­на 1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) - 10 Құ­лақ ау­ру­ла­рын ди­а­гно­сти­ка­ла­у­ға ар­нал­ған тре­на­жер да­на 1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) - 11 Сүт бе­зі мо­де­лі да­на 1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) 4 2 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) 12 Ба­ла­лар ба­сы­на инъ­ек­ци­я­лар жа­сау тре­на­же­ры да­на 1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) - 13 Омырт­қа және бел пунк­ци­я­сы­на ар­нал­ған си­му­ля­тор (ере­сек / ба­ла) да­на 1-2 (ор­та­лық­қа) - 14 Жа­тыр мой­нын зерт­теу тре­на­же­ры да­на 1-2 (ор­та­лық­қа) - 15 Зондты та­мақ­тан­ды­ру­ға ар­нал­ған ма­не­кен/фан­том да­на 1-2 (ор­та­лық­қа) 1 (ка­би­нет­ке) 16 Ас­қа­зан тү­ті­гі (ере­сек/ба­ла­лар) да­на 1-2 (ор­та­лық­қа) 1 (ка­би­нет­ке) 17 Кү­тім жа­сау дағ­ды­ла­ры­на ар­нал­ған сә­би үл­гі­сі да­на - 3 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) 18 Ау­ру адам­ға кү­тім жа­са­у­ға оқы­ту­ға ар­нал­ған ма­не­кен да­на - 1 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) 19 Спи­ро­граф да­на 1 (ор­та­лық­қа) 1 (ка­би­нет­ке) 20 Ша­ла ту­ған сә­би­лер­ге ар­нал­ған кю­вез да­на - 1 (ка­би­нет­ке) 21 Ша­ла ту­ған сә­би­дің мо­де­лі да­на - 2 (8-12 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) 22 Тік ішек­ті зерт­те­у­ге ар­нал­ған мо­де­лі да­на 1 (ор­та­лық­қа) 1 (ка­би­нет­ке) 23 Жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­ге ин­ту­ба­ция жа­са­у­ға ар­нал­ған әм­бе­бап үл­гі да­на 1 (ор­та­лық­қа) 1 (ка­би­нет­ке) 24 Ба­ла кри­ко­ти­рео­то­ми­я­сын жа­са­у­ға ар­нал­ған тре­на­же­рі да­на 1 (ор­та­лық­қа) - 25 Эзо­фа­го­га­стро­дуо­де­но­ско­пия оқы­ту­ға ар­нал­ған тре­на­жер да­на 1-2 (ор­та­лық­қа) - 26 Брон­хо­ско­пия жүр­гізу­ге оқы­ту­ға ар­нал­ған тре­на­же­рі да­на 1-2 (ор­та­лық­қа) - 27 Па­ци­ент­тің кар­дио­ло­ги­я­лық тре­на­же­рі да­на 1 (ор­та­лық­қа) - 28 Көз­ді зерт­те­у­ге ар­нал­ған си­му­ля­тор да­на 1 (ор­та­лық­қа) - 29 Эпи­ду­ра­лық инъ­ек­ци­я­ға ар­нал­ған си­му­ля­тор да­на 2 (ор­та­лық­қа) - 30 Боса­на­тын әй­ел си­му­ля­то­ры да­на 2 (ор­та­лық­қа) - 31 Про­ста­та паль­па­ци­я­сы­на ар­нал­ған си­му­ля­тор да­на 1-2 (6-7 адам­нан тұ­ра­тын топ­қа) - Ескерту: шығындау материалдары - қажеттілігіне қарай Симуляциялық орталық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдарда құрылады. Симуляциялық кабинет – техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдарда құрылады.