О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 января 2015 года № 56 «О некоторых вопросах прохождения службы в оперативно- следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований)» Күшін жойған
Басқа 0
«Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10367 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қаржы мониторингі органдарының қарауында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру Ережесі;»;
Аталған бұрықпен бекітілген Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеру Ережесінде:
тақырып мынадай редакциясында жазылсын:
«Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру Ережесі»:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2011жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 77 бабына және 46-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген және Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру тәртібін белгілейді.»;
4 және 5 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қарамағындағы тұрған қызметкерге оны лауазымға тағайындау туралы шешім қабылданғанға дейін жұмысқа шығады және қызметкер қарамағына қабылданғанға дейін қызмет өткерген бөлімше басшысының тікелей бағынысында болады, тікелей басшының тапсырмаларын орындайды және қойған міндеттерін орындайды.
5. Қарамағында тұрған қызметкерге тиісті қаржы мониторингі органның белгіленген күн тәртібі толық көлемде қолданылады.
Қарамағына қабылданған қызметкердің жұмыс уақытын бақылауды және есепке алуды қызметкер қарамағына қабылданғанға дейін қызмет өткерген бөлімше басшысы жалпы негіздерде жүзеге асырады.
Қарамағындағы қызметкердің қаржы мониторингі органы орналасқан аумақтан тыс шығуы Комитет төрағасының немесе уәкілетті басшының келісімімен баянат негізінде жүзеге асырылады.»;
9-тармақ алып тасталсын;
осы бұйрықпен бекітілген, қызметтік куәліктердің сипаттамасы, сондай-ақ оларды қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне беру қағидалары, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қызметтік куәліктердің сипаттамасы, сондай-ақ оларды қаржы
мониторингі органдарының экономикалық тергеу
қызметінің қызметкерлеріне беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы «____» ______
№ ____ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2015 жылғы
29 қаңтардағы № 56 бұйрығына
7-қосымша
Қызметтік куәліктердің сипаттамасы, сондай-ақ оларды қаржы
мониторингі органдарының экономикалық тергеу
қызметінің қызметкерлеріне беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қызметтік куәліктердің сипаттамасы, сондай-ақ оларды экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне беру қағидасы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі (бұдан әрі – ЭТҚ) қызметкерінің қызметтік куәлігі тұлғаның ЭТҚ-ға тиесілігін, оның лауазымын, атыс қаруын, арнаулы құралдарды алып жүру және сақтау құқығын, қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өзге де өкілеттіктерді растайтын ресми құжат болып табылады.
Тармақ 3
3. Тиісті ресімделмеген, сақтау мерзімі өтіп кеткен, түзетілген немесе өшірілген қызметтік куәлік жарамсыз деп саналады.
Тарау 2. 2-тарау. Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамасы
2-тарау. Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамасы
Тармақ 4
4. Қызметкерлердің қызметтік куәліктерінің мұқабасы қара-көк түсті былғарыдан жасалады, ашық түрде қызметтік куәліктің көлемі 65 миллиметр х 190 миллиметр болады.
Тармақ 5
5. Қызметтік куәліктің бет жағында, ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының алтын түсті бейнесі орналасқан, көрсетілген бейнеден төмен баспаханалық шрифтпен «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASYNYŃ EKONOMIKALYQ TERGEÝ QYZMETİ» деген жазу жазылған.
Тармақ 6
6. Қызметтік куәліктердің сол және оң жақ ішкі бөлігі қаржы мониторингі органдарының логотипін фондық бейнелеумен графикалық стильде жасалған.
Тармақ 7
7. Қызметтік куәліктің сол жақ ішкі бөлігінде:
жоғарғы бөлігінде көгілдір түсте жазылған «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY QARJY MINISTRLİGİ QARJY MONITORIŃGİ KOMITETİNİŃ EKONOMIKALYQ TERGEÝ QYZMETİ» деген жазу орналасқан;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы қызметкерінің қызметтік куәлігінде шағын мәтіннің астында тиісті аумақтық органның «oblysy/qalasy boıynsha Ekonomıkalyq tergeý departamenti» деген көгілдір түсте жазылған қысқартылған атауы орналастырылады;
куәліктің сол жақ бөлігінде көгілдір түсте жазылған «№____KÝÁLİK» деген жазу орналасқан, оның астында ақ түсте жазылған біліктілік сыныбы, көгілдір түсте жазылған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және ақ түсте жазылған атқаратын лауазымы қазақ тілінде көрсетіледі. Қызметтік куәліктің нөмірі көгілдір түсте басылады;
төменгі жағында ақ түсте жазылған қызметтік куәлік бланкісінің нөмірі мен қызметтік куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі, одан төмен қызыл түсте жазылған «OQ-DÁRİMEN ATYLATYN QARÝDY SAQTAÝǴA JÁNE ALYP JÚRÝGE RUQSAT ETİLGEN» деген жазу орналастырылады;
оң жақ бөлігінде қаржы мониторингі органдарының логотипі бейнеленген, оның астында көгілдір түсте жазылған «QARJY MONITORIŃGİ KOMITETİ» деген жазу, одан төмен көк түсте жазылған «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY QARJY MINISTRLİGİ» деген жазу орналастырылады.
Тармақ 8
8. Қызметтік куәліктің оң жақ бөлігінде:
жоғары бөлігінде көгілдір түсте жазылған «СЛУЖБА ЭКОНОМИЧЕСКИХ РАССЛЕДОВАНИЙ КОМИТЕТА ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ МИНИСТЕРСТВА ФИНАНСОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» деген жазу орналасқан;
Комитеттің аумақтық органы қызметкерінің қызметтік куәлігінде шағын мәтіннің астында тиісті аумақтық органның көгілдір түсте жазылған «Департамент экономических расследований по городу________/_______ области» деген қысқартылған атауы орналастырылады;
оң жақ бөлігінде көгілдір түсте жазылған «УДОСТОВЕРЕНИЕ № __» деген жазу орналасқан, оның астында ақ түсте жазылған біліктілік сыныбы, көгілдір түсте жазылған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және ақ түсте жазылған атқаратын лауазымы орыс тілінде көрсетіледі. Қызметтік куәліктің нөмірі көгілдір түсте басылады;
төменгі жағында қызметтік куәлік бланкісінің нөмірі мен қызметтік куәліктің қолданылу мерзімі ақ түсте көрсетіледі, одан төмен қызыл түсте жазылған «РАЗРЕШЕНО ХРАНЕНИЕ И НОШЕНИЕ ОГНЕСТРЕЛЬНОГО ОРУЖИЯ» деген орыс тілінде жазу орналастырылады;
сол жақ бұрышында қызметкердің 3 сантиметр х 4 сантиметр көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреті (анфас) орналастырылады. Қызметкер бас киімсіз ақ түсті фонда іскерлік киім стилінде суретке түседі.
Тарау 3. 3-тарау. Қызметтік куәліктерді беру тәртібі
3-тарау. Қызметтік куәліктерді беру тәртібі
Тармақ 9
9. Қызметтік куәліктер қызметкерлерге лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру кезінде, жоғалуына және бүлінуіне байланысты, сондай-ақ бұрын берілген қызметтік куәліктің қолданылу мерзімі өткеннен кейін беріледі.
Тармақ 10
10. Қызметтік куәліктер үш жыл мерзімге беріледі:
Комитет төрағасының қолы қойылған – Комитеттің орталық аппаратының қызметкерлеріне, қаржы мониторингі аумақтық органдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларына;
аумақтық орган басшысының қолы қойылған – Комитеттің тиісті аумақтық органының ЭТҚ қызметкерлеріне.
Тармақ 11
11. Қаржы мониторингі органдарына құқық қорғау қызметіне алғашқы рет қабылданған қызметкерге қызметтік куәлікті тапсырған кезде кадр қызметі оны пайдалану және сақтау жөнінде нұсқама өткізеді. Кейіннен қызмет бабында ауыстыру кезінде және қолданылу мерзімі өткеннен кейін бұрын берілген қызметтік куәлік оны алған жері бойынша кадр қызметіне қайтарылады.
Тармақ 12
12. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда қызметкер болған жай туралы тікелей басшыға дереу жазбаша нысанда баяндайды және бұл туралы кадр қызметіне хабарлайды.
Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, басқа адамдарға берудің, оны пайдакүнемдік немесе өзге де заңсыз мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша ішкі қауіпсіздік бөлімшесі күнтізбелік 10 күн ішінде қызметтік тексеру (тергеу) жүргізеді, жоғалған қызметтік куәлікті іздеуге, оқиғаға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға шаралар қабылдайды.
Тармақ 13
13. Қызметтік куәліктің жоғалу фактілерін жасыруды болдырмау үшін қаржы мониторингі органдарының кадрлық қызметтерінің қызметкерлері тоқсан сайын қызметтік куәліктердің болуын тексереді.
Тексеру кезінде қызметтік куәлік болмаған жағдайда кадрлық қызметтің қызметкерлері қызметтік куәліктің болмауы туралы акт жасайды және жоғалту немесе бүліну фактісі анықталған жағдайда материал одан әрі 12 тармақта көрсетілген шаралар қабылдау үшін ішкі қауіпсіздік бөлімшесіне жіберіледі.
Тармақ 14
14. Экономикалық тергеу қызметі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе лауазымы өзгерген кезде қызметтік куәлік ауыстыруға жатады.
Тармақ 15
15. Жұмыстан босатылған, сондай-ақ басқа құқық қорғау органдарының қарамағына іссапарға жіберілген кезде қызметкерлер қызметтік куәлігін алған жердегі кадрлық қызметке тапсырады.
Тармақ 16
16. Қызметтік куәліктерді, сондай-ақ оған тиісті материалдарды дайындау қаржы мониторингі органдарының қаржы бөлімшесіне жүктеледі.
Тармақ 17
17. Қызметтік куәліктер белгіленген сипаттамаға сәйкес, сондай-ақ осы Сипаттаманың 1-қосымшасындағы серияларға сәйкес дайындалады.
Тармақ 18
18. Қызметтік куәліктерді есепке алуды және беруді кадр қызметі қызметтік куәліктерді есепке алу және беру кітабында осы Сипаттаманың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жүргізеді.
Басқа 1
Қаржы мониторингі органдарының
экономикалық тергеу қызметінің
қызметкерлеріне Қызметтік
куәліктердің, сондай-ақ оларды
беру тәртібінің сипаттамасына
1-қосымша
№
Қаржы мониторингі органының атауы
Куәліктер сериясы
Куәліктер нөмірі
1
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті
KZ
№0000
2
Нұр-сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті (бұдан әрі – ЭТД)
KZ-01
№0000
3
Алматы қаласы бойынша ЭТД
KZ-02
№0000
4
Ақмола облысы бойынша ЭТД
KZ-03
№0000
5
Ақтөбе облысы бойынша ЭТД
KZ-04
№0000
6
Алматы облысы бойынша ЭТД
KZ-05
№0000
7
Атырау облысы бойынша ЭТД
KZ-06
№0000
8
Батыс Қазақстан облысы бойынша ЭТД
KZ-07
№0000
9
Жамбыл облысы бойынша ЭТД
KZ-08
№0000
10
Қарағанды облысы бойынша ЭТД
KZ-09
№0000
11
Қостанай облысы бойынша ЭТД
KZ-10
№0000
12
Қызылорда облысы бойынша ЭТД
KZ-11
№0000
13
Маңғыстау облысы бойынша ЭТД
KZ-12
№0000
14
Түркістан облысы бойынша ЭТД
KZ-13
№0000
15
Павлодар облысы бойынша ЭТД
KZ-14
№0000
16
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ЭТД
KZ-15
№0000
17
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ЭТД
KZ-16
№0000
18
Шымкент қаласы бойынша ЭТД
KZ-17
№0000
Басқа 2
Қаржы мониторингі органдарының
экономикалық тергеу қызметінің
қызметкерлеріне қызметтік куәліктің,
сондай-ақ оларды беру
тәртібінің сипаттамасына
2-қосымша
Нысан
қызметтік куәліктің №
Берілген күні
Қолданылу мерзімі
Кімге берілді тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Алғаны туралы қолхат
Нұсқаулық өткізу туралы қолхат
Қайтару туралы белгі
Жою туралы белгі