О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 января 2015 года № 56 «О некоторых вопросах прохождения службы в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований)» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10367 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген, Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағына және 55-бабына сәйкес әзірленген және Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану тәртібін белгілейді.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Осы Қағилардың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген көтермелеу түрлерін қылмыстық және әкімшілік заңнамаларда көзделген шекте ауыр экономикалық және қаржылық қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу кезіндегі ерекшеленгені үшін, қаржы мониторингі органдары қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал еткен жұмыстардың жаңа нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) төрағасы белгілейді. Атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген біліктілік сыныбынан бір саты жоғары тұрған кезекті біліктілік сыныбы бұның алдындағы біліктілік сыныбында еңбек сiңiрген жылдарының кемiнде бiр жарым жыл мерзiмi өткен соң белгіленеді. Кезектен тыс біліктілік сыныбы қызметкерлерге қызмет бойынша ерекше жетістіктері үшін біліктілік сыныбында белгіленген еңбек еткен жылдары мерзімінің кемінде үштен бірі өткенде, бірақ қызметкердің иеленіп отырған біліктілік сыныбынан жоғары бір біліктілік сыныбынан асырмай белгіленеді. Қызметтегі ерекше сіңірген еңбегі бар болса біліктілік сыныбы үшін кезектен тыс біліктілік сыныбында еңбек сiңiрген жылдарының мерзіміне қарамастан, бірақ қызметкердің иеленіп отырған біліктілік сыныбынан жоғары бір біліктілік сыныбынан асырмай белгіленеді. Кезектен тыс біліктілік сыныптарын немесе атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген біліктілік сыныбынан бір саты жоғары белгілеу әрбір негіздеме бойынша аржы мониторингі органдарында барлық қызмет ету кезеңі ішінде екі реттен артық емес жүргізіледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.