О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 29 апреля 2015 года № 77 «Об утверждении нормативов субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства видов продуктов ее глубокой переработки» Күшін жойған
Басқа 0
«Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы
29 сәуірдегі № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2649 болып тіркелген, 2015 жылдың 4 маусымында «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
А. Нұралиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері
Жамбыл облысы әкімдігінің
2017 жылғы «16» наурыз
№ 44 қаулысына қосымша
Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері
№
Ауылшаруашылық өнімінің атауы
Тереңдете өңделген өнімдердің атауы
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, (теңге/литр, килограмм)
1.
Сүт
Сары май
12,0
2.
Сүт
Қатты ірімшік
20,0
3.
Сүт
Құрғақ сүт (табиғи)
15,0
4.
Қант қызылшасы
Қант
9,0