"О внесений изменений в решение районного маслихата от 29 февраля 2016 года № 214 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Байганинском районе" Күшін жойған
Басқа 0
«Байғанин ауданында әлеуметтік көмек
көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту
туралы» 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214
аудандық мәслихаттың шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 «Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4821 тіркелген, 2016 жылдың 14 сәуірінде «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) аудандық мәслихаттың шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында (әрі қарай-Қағидалар):
Тармақша 1
1) «2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері» тарауында:
11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«3) жан басына шаққандағы орташа табыстың, өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау барысында ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселік мөлшерінен аспауы және әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 0,6 мөлшерінен (күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан) аспайтын болуы негiздеме болып табылады.»;
Тармақша 2
2) «4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау» тарауында:
30-тармақтың екінші абзацында:
«2001 жылғы 23 қаңтардағы» сөздері алынып тасталынсын;
орыс тіліндегі Қағидаларына 1-2-қосымшаның атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«Лист собеседования для участия в проекте «Өрлеу».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
______________ А. Амиргалиев