О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 29 февраля 2016 года № 214 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Байганинском районе» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 «Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 «Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4821 болып тіркелген, 2016 жылдың 14 сәуірінде «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында: «2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері» тарауында: 8 тармақта: 2) тармақшадағы ««Байғанин аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің берген тізімдеріне сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын; 5) тармақша алынып тасталсын; «3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі» тарауында: 18 тармақ мынадай мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын: «18. Осы Қағидалардың 8 тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдарға өтініштері талап етілмей көрсетіледі, 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік - еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы __________________ К. Утаров