О внесении изменений в решение маслихата Байганинского района от 29 февраля 2016 года № 214 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Байганинском районе» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 «Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Байғанин аудандық мәслихатының «Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4821 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында: 5 тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасыгың «Ардагерлер туралы» Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында (бұдан әрі - Заң) көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»; 9 тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын; 10 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «5) мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;»; 11 тармақ алынып тасталсын. 14 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «14. Біржолғы әлеуметтік көмек: 1) Жеңіс күніне орай: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерiнде; жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде; Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде; еңбек ардагерлеріне 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде; Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде; 2) мүгедектігі бар адамдарға, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде көрсетіледі. Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.