О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 октября 2016 года № 232 «Об утверждении Правил функционирования государственной информационной системы разрешений и уведомлений» Қолданыста
Басқа 0
«Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қазандағы
№ 232 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қазандағы № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14483 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін.
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін»;
Рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақша 3
3) осы бұйрық тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 1 шілдедегі
№ 372/НҚ Бұйрыққа
қосымша
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (бұдан әрі – ӘҚНК) – электрондық құжатқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесімен берілетін нөмір;
Тармақша 3
3) Жүйенің сыртқы порталы – лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері және хабарлама жасау тәртібі бөлігіндегі қызметтерге жеке және заңды тұлғаларға Интернет желісі арқылы бірыңғай қолжеткізу нүктесін ұсынатын Жүйенің веб-порталы;
Тармақша 4
4) Жүйенің сыртқы порталында тіркеу – субъектінің, оның лауазымды тұлғаларының және мүдделі тұлғаларының Жүйенің сыртқы порталында лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері және хабарлама жасау тәртібі процестерін жүзеге асыруға қатысуға рұқсаты;
Тармақша 5
5) Жүйенің сыртқы порталының авторландырылған пайдаланушысы – нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін цифрлық объектілерін пайдаланатын Жүйенің сыртқы порталында тіркеуден және авторланудан өткен жеке немесе заңды тұлға не олардың өкілдері;
Тармақша 6
6) Жүйенің ішкі порталы – Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін жүргізетін рұқсат беру органдары және мемлекеттік органдар тарапынан лицензиялау, рұқсат беру және хабарлама жасау тәртібі процестерін қамтамасыз ететін Жүйенің веб-порталы;
Тармақша 7
7) Жүйенің ішкі порталында тіркеу – рұқсат беру органының уәкілетті тұлғасының Жүйенің ішкі порталында лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері және хабарлама жасау тәртібі процестерін жүзеге асыруға қатысуға рұқсаты;
Тармақша 8
8) көліктік қолтаңба – цифрлық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде веб-сервистер қауіпсіздігі (Web Service Security) ерекшілігін қолданумен жіберілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;
Тармақша 9
9) қағаз жеткізгіште берілетін рұқсат – Жүйеде ресімделген, қағаз жеткізгіште не қатаң есептіліктің нөмірленген бланкісінде шығарылған рұқсат;
Тармақша 10
10) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған цифрлық жүйе;
Тармақша 11
11) өтініш беруші – лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші;
Тармақша 12
12) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыруға, өтініш берушінің хабарлама жіберуіне және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған, «цифрлық үкіметтің» құрауышы болып табылатын цифрлық жүйе;
Тармақша 13
13) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімі – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ алынған хабарламалар туралы мәліметтер қамтылған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінің құрауышы;
Тармақша 14
14) рұқсаттар тізбесі (бұдан әрі - тізбе) – олар бойынша өтініш берушіні біліктілік және рұқсат талаптарына сәйкестікке тексеру және рұқсат беру не дәлелді бас тарту цифрландыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінде өтініш берушіні тексеру мен рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесі;
Тармақша 15
15) рұқсаттар тізілімі – бірінші және екінші санаттағы рұқсаттар, олардың осы құжаттармен әрекеттерінің мәртебесі мен тарихы туралы мәліметтерді қамтитын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінің бір бөлігі;
Тармақша 16
16) рұқсаттың электрондық нысаны (электрондық рұқсат) – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;
Тармақша 17
17) тарихи деректер – хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын рұқсат беру органдары мен мемлекеттік органдарда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде берілген немесе жіберілген рұқсаттар мен хабарламалар туралы ақпарат;
Тармақша 18
18) тарихи деректерді конверсиялау – рұқсат беру органының рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде рұқсат берген уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен электрондық форматтағы рұқсатын растау процесі (матрицалық кодты беру);
Тармақша 19
19) тарихи деректерді қалпына келтіру – рұқсат беру органының рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде тарихи деректермен рұқсаттар тізілімін толықтыру процесі;
Тармақша 20
20) хабарлама – рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша өтiнiш берушi жасаған, қызметтiң немесе әрекеттiң жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат беретiн құжат;
Тармақша 21
21) хабарлама жасаған субъект – қызметтің не әрекеттің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 22
22) хабарлама жасаған субъектілердің тізілімі – қызметтің немесе белгілі бір әрекеттің жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беруші субъектілер туралы мәліметтерді қамтитын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінің бір бөлігі;
Тармақша 23
23) цифрлық құжат – сұрау салу немесе ұсыну кезінде ұлттық тіркелімдерде қамтылған деректер негізінде цифрлық ортада қалыптастырылатын анық мәліметтерді материалдық емес цифрлық ұсыну;
Тармақша 24
24) «цифрлық үкімет» платформасы – оператордың платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге, дамытуға, орналастыруға, интеграциялауға және (немесе) цифрлық объектілерді орналастыруға арналған цифрлық платформасы;
Тармақша 25
25) «цифрлық үкiметтiң» операторы (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, «цифрлық үкiметтiң» цифрлық объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға;
Тармақша 26
26) «цифрлық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинеті) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша қызметтер көрсету субъектілерімен өзара іс-қимылы жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады;
Тармақша 27
27) электрондық құжаттың матрицалық коды (бұдан әрі – матрицалық код) – құжатты ұсыну нысанына енгізілетін кеңейтілетін белгілеу тілі (eXtensible Markup Language) (бұдан әрі – XML) форматындағы электрондық құжат туралы, оның техникалық құрал-жабдықтарының мүмкіндігін ұсынатын графикалық ақпарат;
Тармақша 28
28) электрондық форматқа көшіру – қағаз жеткізгіште бұрын берілген рұқсаттардың тарихи деректерін XML форматында қалпына келтіру және (немесе) конверсиялау процесі;
Тармақша 29
29) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
Тармақша 30
30) XML форматы – мәтіннің кеңейтілген белгілеу тілі (мәтінге енгізу немесе құру туралы ақпаратты беру үшін қойылатын нышандар мен бірізділік жиынтығы).
Тарау 2. 2-тарау. Жүйенің жұмыс істеу тәртібі
2-тарау. Жүйенің жұмыс істеу тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Жүйенің жалпы жұмыс істеу ережелері
1-параграф. Жүйенің жалпы жұмыс істеу ережелері
Тармақ 3
3. Жүйенің функционалды міндеттері мынадай процестерді автоматтандыру болып табылады:
Тармақша 1
1) лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері барысында өтініштерді беру және қарау;
Тармақша 2
2) рұқсаттар тізілімін қалыптастыру;
Тармақша 3
3) хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін қалыптастыру;
Тармақша 4
4) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін қалыптастыру.
Тармақ 4
4. Лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері барысында өтініштерді беру және қарау процесі мынадай операциялардан тұрады:
Тармақша 1
1) өтініштерді электрондық түрде беру, немесе Жүйеге қағаз жеткізгіште түскен өтініштер бойынша мәліметтерді енгізу;
Тармақша 2
2) өтініштерді қарау;
Тармақша 3
3) өтініш берушілерге өтініштерді қарау нәтижелерін ұсыну.
Тармақ 5
5. Рұқсаттар тізілімін қалыптастыру процесі мынадай операциялардан тұрады:
Тармақша 1
1) рұқсаттар тізіліміне өтініштерді қараудың оң нәтижесін автоматты түрде енгізу, немесе Жүйеден тыс жүзеге асырылатын өтініштерді қарау процесінің нәтижелерін рұқсаттар тізіліміне енгізу;
Тармақша 2
2) тарихи деректерді қалпына келтіру;
Тармақша 3
3) тарихи деректерді конверсиялау;
Тармақша 4
4) рұқсатты немесе рұқсатқа қосымшаны беру, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтата тұру, күшін жою, ұзарту, қайта бастау және тоқтату.
Тармақ 6
6. Хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін қалыптастыру процесі мынадай опрерациялардан тұрады:
Тармақша 1
1) хабарламалар беру;
Тармақша 2
2) хабарлама жасаған субъектілердің тізіліміне хабарламалар беру және енгізудің оң нәтижелерін автоматты түрде енгізу, немесе хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін хабарлама жасау тәртібін, рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу мүмкіндігін жүзеге асыратын органның уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде тарихи деректермен толықтыру;
Тармақша 3
3) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінен субъектіні шығару, хабарлама берген субъектінің қызметін тоқтата тұру, қайта бастау.
Тармақ 7
7. ЭЦҚ пайдаланумен электрондық нысанда лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері және хабарламалар шеңберінде өтініштерді беру функциялары Жүйенің сыртқы порталы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік органдардың лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері мен хабарлама жасау тәртібі процестерін электрондық түрде жүзеге асыруы Жүйенің ішкі порталы арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік органның жеке цифрлық жүйесі бар болған кезде көрсетілген процестер оны Жүйемен интеграциялаған жағдайда осы жүйеде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері мен хабарлама жасау тәртібі процестерін автоматтандыру шеңберінде Жүйеде электрондық құжаттардың мынадай түрлері қалыптасады:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) хабарлама;
Тармақша 3
3) өтініштерді қарау процесінде өтініш берушілерге жіберілетін хабарлаулар;
Тармақша 4
4) рұқсат беру;
Тармақша 5
5) өтінішті қарауда және бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беруде дәлелді бас тарту;
Тармақша 6
6) рұқсат беруге келісуге уәкілетті мемлекеттік органмен сұрау салулар;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдардың жауаптары – келісулері;
Тармақша 8
8) рұқсаттардың иелеріне немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу процесінде хабарлама берген субъектілерге жолданатын хабарлаулар;
Тармақ 10
10. Жүйеде XML форматында қалыптастырылған барлық электрондық құжаттарға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жүйемен түрленген ӘҚНК беріледі;
Тармақ 11
11. Жүйеде электрондық құжаттарды ұсыну нысандарының жүктелу мен шығарылу мүмкіндігі бар.
Тармақ 12
12. Жүйенің сыртқы порталының авторландырылған пайдаланушыларына жеке кабинет арқылы мынадай әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндігі беріледі:
Тармақша 1
1) ашық қолжетімділіктегі рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінің мәліметтерін іздеу және қарау;
Тармақша 2
2) рұқсаттарды алу және және хабарламаларды жолдау талаптары туралы ақпаратты қарау;
Тармақша 3
3) рұқсат алуға электрондық өтініш беру;
Тармақша 4
4) электрондық форматқа қағаз нысанында рұқсатты ауыстыруға өтінішін беру;
Тармақша 5
5) мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамада көзделген рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның мәліметтерін қайта ресімдеуге, ұзартуға, тоқтатуға, тоқтата тұруға, қайта бастауға, рұқсат беру телнұсқасын алуға, мәліметтерін түзетуге, рұқсаттарды конверсиялауға және қалпына келтіруге өтініштер беру;
Тармақша 6
6) өтініш берушімен берілген өтініштерді қарау мәртебесін көру;
Тармақша 7
7) өтініш берушімен берілген өтінішті қарау барысында жолданған мемлекеттік органнан түскен электрондық хабарлауды қарау (өтініш бойынша қосымша мәліметтерді беру, тестілеуге келуді растау, лицензиялық немесе рұқсат беру алымын төлегені туралы түбіртекті жолдау және өзге де әрекеттер);
Тармақша 8
8) өтініштерді қарау процесінде рұқсат беру органының сұрау салуына жауапты электрондық нысанда жолдау (өтініш бойынша қосымша мәліметтерді беру, тестілеуге келуді растау, лицензиялық немесе рұқсат беру алымын төлегені туралы түбіртекті жолдау және өзге де әрекеттер);
Тармақша 9
9) «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы лицензиялық және рұқсат беру алымдарын төлеу (электрондық өтініш беру процесінде);
Тармақша 10
10) өтініштерді қарау нәтижелері бойынша рұқсат беру органымен берілген электрондық құжаттарды қарау;
Тармақша 11
11) қызметтің басталуы туралы хабарлама беру;
Тармақша 12
12) қызметтің (әрекеттің) тоқтатылуы туралы, деректердің өзгеруі туралы хабарлама беру;
Тармақша 13
13) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу барысында жолданған мемлекеттік органнан түскен электрондық хабарлауды қарау (рұқсаттың қолданысын тоқтату (күшін жою), тоқтата тұру, рұқсаттың қолданысын қайта бастау туралы, хабарлама жасаған субъектілердің тізілімінен субъектіні шығару туралы, субъектінің қызметін тоқтата тұру, қайта бастау туралы);
Тармақша 14
14) өтінішті қайтарып алу.
Тармақ 13
13. Жүйенің сыртқы порталының авторландырылмаған пайдаланушыларына мынадай функцияларды пайдалану мүмкіндігі беріледі:
Тармақша 1
1) ашық қолжетімділіктегі рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінің мәліметтерін іздеу және қарау;
Тармақша 2
2) рұқсаттарды алу және хабарламаларды жолдау талаптары туралы ақпаратты қарау.
Тармақ 14
14. Жүйенің ішкі порталына қолжетімділік алу үшін мемлекеттік орган цифрландыру саласындағы уәкілетті органға және Операторға лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдері мен хабарлама жасау тәртібін жүзеге асыруға жауапты тұлғалар туралы ақпаратты береді. Оператор берілген ақпаратты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Жүйенің ішкі порталымен мемлекеттік органдардың пайдаланушылары жұмысын қамтамасыз ету үшін есепке алу жазбасын жасайды.
Тармақ 15
15. Жүйенің ішкі порталы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне өз өкілеттігі шегінде мынадай функцияларды ұсынады (авторизация рұқсат беру органы қызметкерінің атына берілген заңды тұлғаның логині, паролі және ЭЦҚ арқылы жүргізіледі):
Тармақша 1
1) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінің мәліметтерін іздеу және қарау;
Тармақша 2
2) қағаз жеткізгіште түскен өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу;
Тармақша 3
3) өтініштерді тіркеу және қарау;
Тармақша 4
4) өтініштерді іздеу және қарау;
Тармақша 5
5) өтініштерді қарау барысында қалыптасатын құжаттарды іздеу және қарау (мемлекеттік органдардың қосымша мәліметтерді сұрау салуды; өтініш берушілердің мемлекеттік органдардың қосымша мәліметтерді сұрау салуына жауаптарын, өтінішті қараудан және бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беруден дәлелді бас тартуларын, мемлекеттік органдардың келісімдерін, сондай-ақ өтініштердің қарастырылу барысы туралы хабарлауын);
Тармақша 6
6) Жүйеден тыс жүзеге асырылатын өтініштерді қарау процесінің нәтижелерін рұқсаттар тізіліміне енгізу;
Тармақша 7
7) конверсиялаумен (сыз) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде тарихи деректерді қалпына келтіру;
Тармақша 8
8) рұқсатты немесе рұқсатқа қосымшаны беру, қайта ресімдеу, тоқтата тұру, күшін жою, ұзарту, қайта бастау, рұқсаттың қолданысын тоқтату және одан айыру (оны қайтарып алу);
Тармақша 9
9) хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін хабарлама жасау тәртібін, рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу мүмкіндігін жүзеге асыратын органның уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде тарихи деректермен толықтыру;
Тармақша 10
10) рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінен хабарламаны жою, хабарлама жасаған субъектінің қызметін тоқтата тұру, қайта бастау.
Тармақ 16
16. Жүйенің сыртқы және ішкі порталы жұмыстан тыс уақытта жүргізілетін техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы қолжетімді.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік органдармен лицензиялауды, рұқсат беру және хабарлама жолдауды бақылауды автоматтандыру функциясын жүзеге асыру үшін Жүйеде қызметті тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату (күшін жою, алып тастау) туралы электрондық хабарлау қалыптасады.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 355/НҚ «Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29901 болып тіркелген) сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеде көзделген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін өтініштерді қарау мемлекеттік орган - лицензиар қызметкерлерінің қатысуынсыз жүзеге асырылады.
Жүйе қажетті тексерулерді автоматты режимде жүргізеді және жүйе иесіне тиесілі (мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актіге тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда) көлік қолтаңбасымен қызмет көрсету нәтижесіне (рұқсат беру құжаты немесе дәлелді бас тарту) қол қояды.
Тармақ 2. 2-параграф. Жүйеде электрондық өтініштерді қабылдау
2-параграф. Жүйеде электрондық өтініштерді қабылдау
Тармақ 19
19. Электрондық өтінішті беру өтініштің электрондық нысанын толтыру және оны ЭЦҚ куәландыру арқылы Жүйенің сыртқы порталының авторландырылған пайдаланушысымен жүзеге асырылады;
Тармақ 20
20. Электрондық өтінішке ӘҚНК беру Жүйемен өтініш берушінің ЭЦҚ құжатын куәландыру кезеңінде жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Электрондық өтінішті беру барысында Жүйе мынадай автоматтандырылған тексерулерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің (өтініш берушінің өкілінің) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорында, ықпалдастырылған салықтық цифрлық жүйесінде бар болуын тексеру;
Тармақша 2
2) өтініштің электрондық нысанының форматты-логикалық бақылауын жүзеге асыру (дұрыстығын және толық толтырылғандығын тексеру);
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде өтініштің электрондық нысанда өтініш берушімен көрсетілетін деректердің бар болуын тексеру;
Тармақша 4
4) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінде өтініштің электрондық нысанда өтініш берушімен көрсетілетін деректердің бар болуын тексеру;
Тармақ 22
22. Осы Қағидалардың 22-тармағында белгіленген автоматтандырылған тексерулердің жағымсыз нәтижесі кезінде, Жүйе пайдаланушыға электрондық өтінішті жіберу мүмкін болмауы себептері туралы хабарлайтын ақпараттық хабарлама қорытындысымен электрондық өтінішті беруге мүмкіндік бермейді.
Тармақ 23
23. Осы Қағидалардың 22-тармағында белгіленген автоматтандырылған тексерулердің оң нәтижесі кезінде және электрондық өтінішті берушінің ЭЦҚ куәландыруынан кейін, өтініш берушінің жеке кабинетіне оның электрондық өтінішінің Жүйеде тіркелгендігі туралы хабарлама келіп түседі. Бұл ретте, электрондық өтініш мемлекеттік органның жұмыс уақытында оны қабылдаған сәтінен бастап берілген болып есептеледі, ол туралы өтініш берушінің жеке кабинетіне рұқсат беру органының уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған хабарлама жолданады.
Тармақ 24
24. Жүйе мемлекеттік органның жұмыс кестесіне байланыссыз тәулік бойы режимде электрондық өтініштерді беруге мүмкіндік береді.
Тармақ 3. 3-параграф. Жүйеде хабарламаларды қабылдау
3-параграф. Жүйеде хабарламаларды қабылдау
Тармақ 25
25. Хабарламаны беру хабарламаның электрондық нысанын толтыру және оны ЭЦҚ куәландыру арқылы Жүйенің сыртқы порталының авторландырылған пайдаланушыларымен жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Хабарламаға ӘҚНК беру Жүйемен өтініш берушінің ЭЦҚ құжатын куәландыру сәтінде жүргізіледі.
Тармақ 27
27. Осы Қағидалардың 22-тармағында белгіленген автоматтандырылған тексерулердің оң нәтижесі кезінде және электрондық өтінішті берушінің ЭЦҚ куәландыруынан кейін, хабарлама рұқсат беру органына келіп түседі.
Тармақ 28
28. Жүйеде хабарламаны беру тәулік бойы жүзеге асырылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Қағаз нысанындағы өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу
4-параграф. Қағаз нысанындағы өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу
Тармақ 29
29. Жүйенің ішкі порталы арқылы электрондық түрде рұқсат беру органдармен жүзеге асырылатын лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері процестері үшін қағаз нысанында ұсынылған өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу мемлекеттік органның құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесімен жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Мемлекеттік органның құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің қызметкерімен Жүйенің ішкі порталы арқылы Жүйеге енгізілетін өтініш өтініш берушінің ЭЦҚ куәландырылмайды. Мұндай жағдайда, өтініш беруші үшін өтінішті қабылдау туралы хабарлама Жүйемен қалыптастырылмайды. Өтінішке ӘҚНК беру өтінішті тіркеу сәтінде Жүйемен жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Мемлекеттік корпорацияға өтінішті қағаз нысанында берген жағдайда, өтініш жөніндегі мәліметтерді жүйеге енгізу мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Жүйеге мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесі арқылы берілетін өтініш Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ-мен өтініш берушінің жазбаша келісімімен куәландырылады.
Тармақ 33
33. Мемлекеттік корпорацияға өтінішті қағаз нысанында берген жағдайда, өтініш беруші үшін өтінішті қабылдау туралы хабарлама Жүйеде қалыптастырылмайды.
Тармақ 34
34. Жеке цифрлық Жүйесі арқылы электрондық түрде мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері процестері үшін қағаз нысанында мемлекеттік органға ұсынылған өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу көрсетілген цифрлық жүйенің Жүйемен ықпалдасқан жағдайда, мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасының куәландырылған ЭЦҚ мәліметтерін қабылдау арқылы жүргізіледі.
Тармақ 5. 5-параграф. Рұқсат беру органдарымен Жүйеде өтінішті қарау
5-параграф. Рұқсат беру органдарымен Жүйеде өтінішті қарау
Тармақ 35
35. Жүйе Жүйенің сыртқы порталы арқылы электрондық түрде лицензиялау, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру барысында рұқсат беру органдармен өтініштерді қарау процестерінің үлгілік операцияларын ұсынады.
Тармақ 36
36. Кіріс өтініштерін тіркеу және оларды жұмысқа беру мынадай операциялардан тұрады:
Тармақша 1
1) ӘҚНК автоматты түрде беру арқылы өтініштерді тіркеу;
Тармақша 2
2) рұқсат беруді келісуге уәкілетті мемлекеттік органдардың сұрау салуларын тіркеу;
Тармақша 3
3) ішкі порталда рұқсат беру органының уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған тиісті өтінішті қабылдауды растау туралы құжат беріледі.
Тармақ 37
37. Құжатты (өтінішті, рұқсат беруді келісуге уәкілетті мемлекеттік органға сұрау салуды, рұқсат беру органы қабылдаған кіріс хабарламаны) жіберу мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасына құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің қызметкерімен кіріс құжатын тапсыруды білдіреді. Кіріс құжатты жіберу қосымша функцияларды қоспайды және дәйекті түрде жүзеге асырылады.
Тармақ 38
38. Өтінішті қарау барысында өтініш берушіге рұқсат беру органына келу қажеттігі туралы, өтінішті қарауды тоқтата тұру, қайта бастау және мерзімін ұзарту туралы хабарламаларды жіберу мынадай операциялардан тұрады:
Тармақша 1
1) орындаушы мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда хабарлама/сұрау салу жобасын қалыптастыруға бастамашылық етеді;
Тармақша 2
2) өтініш берушіге хабарлауды/сұрау салуды бастамашылық еткен жағдайда, орындаушы сұрау салудың жобасын қалыптастырады;
Тармақша 3
3) хабарлау/сұрау салу жобасы өршімелі тізбек бойынша дәйекті түрде рұқсат беру органында келісу рәсімінен өтеді;
Тармақша 4
4) келісу процесінің қатысушысы хабарлау/сұрау салу жобасына оң келісу нәтижесі кезінде, жоба автоматты түрде келесі қатысушыға жіберіледі. Келісу процесінің қатысушысы хабарлау жобасына теріс келісу нәтижесі кезінде, жоба автоматты түрде орындаушыға пысықтауға кері қайтарылады;
Тармақша 5
5) хабарлау/сұрау салу рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғасының) ЭЦҚ куәландырылады.
Тармақша 6
6) егер өтініш беруші Жүйенің сыртқы порталында тіркелген болса, хабарлауға/сұрау салуға қол қойылғаннан кейін, ол өтініш берушіге жеке кабинетте қолжетімді болады;
Тармақша 7
7) егер өтініш рұқсат беру органына қағаз нысанында ұсынылған болса, басшы Жүйеде хабарлауға/сұрау салуға қол қойғаннан кейін, жауапты орындаушы оны шығарып алады және Жүйеден тыс (пошта бойынша, қолма-қол) өтініш берушіге жолдайды;
Тармақша 8
8) Жүйенің сыртқы порталы арқылы электрондық түрде берілген өтініштер үшін хабарлауға/сұрау салуға жауап өтініш берушінің хабарламасы ЭЦҚ куәландырылған электрондық түрде жүзеге асырылады. Электрондық жауап орындаушыға тікелей келіп түседі;
Тармақша 9
9) қағаз нысанында ұсынылған өтініштер үшін жауап өтініш берушіге Жүйеден тыс (пошта бойынша, қолма-қол) беріледі. Өтініш берушіге берілген жауап туралы мәліметтерді Жүйеге орындаушы енгізеді.
Тармақша 10
10) өтініш беруші жауапты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда, орындаушы өтініш бойынша шешім қабылдайды.
Тармақ 39
39. Қорытындыны, қосымша мәліметтерді беру туралы және шешім жобасын келісу туралы өтініштерді келісуші мемлекеттік органға жіберу мынадай операциялардан тұрады:
Тармақша 1
1) рұқсат беруді келісуге уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салу жобасын қалыптастыруды Заңның 25-бабымен белгіленген тәртіпте орындаушы бастамашылық етеді;
Тармақша 2
2) сұрау салу жобасы өршімелі тізбек бойынша дәйекті түрде рұқсат беру органында келісу рәсімінен өтеді;
Тармақша 3
3) сұрау салу жобасына оң келісу нәтижесі кезінде жоба автоматты түрде келісу рәсімінің келесі қатысушысына жіберіледі; сұрау салу жобасына теріс келісу нәтижесі кезінде жоба автоматты түрде орындаушыға пысықтауға кері қайтарылады;
Тармақша 4
4) сұрау салу рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғасының) ЭЦҚ-сын куәландырылады, одан кейін келісуші органның құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесіне тіркеу үшін келіп түседі;
Тармақша 5
5) сұрау салу келісуші органда төмендемелі тізбек бойынша жауапты орындаушыға дәйекті түрде жолданады;
Тармақша 6
6) келісуші органның жауапты орындаушысы сұрау салу бойынша шешім жобасын қалыптастырады (сараптамалық қорытынды, деректердің сұрау салуына жауап, келісімдеу);
Тармақша 7
7) сұрау салу бойынша шешім жобасы дәйекті түрде келісу рәсімінен өтеді;
Тармақша 8
8) сұрау салу бойынша шешім келісуші орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады, одан кейін автоматты түрде рұқсат беру органының орындаушысына жіберіледі;
Тармақша 9
9) мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда орындаушы өтініш берушіден қосымша мәліметтер сұрату кезінде немесе келісу органына сұрау салу жіберілген кезде өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұруға бастамашылық ете алады;
Тармақша 10
10) келісуші органына деректерге сұрау салуды жолдау себебімен тоқтатылған жағдайда, өтініш берушіге міндетті түрде тоқтатудың басталу сәті және өтінішті қарау мерзімін қайта қарау сәті бойынша рұқсат беру органы басшысының ЭЦҚ куәландырылған хабарлау жіберіледі.
Тармақ 40
40. Өтініш бойынша шешім қабылдау мынадай операциялардан тұрады:
Тармақша 1
1) өтініш бойынша шешім жобасын орындаушы қалыптастырады;
Тармақша 2
2) шешім жобасы дәйекті түрде рұқсат беру органында келісуге жатады. Келісу процесінің қатысушысы шешім жобасына оң келіскен кезде, ол келесі қатысушыға өтеді;
Тармақша 3
3) келісу процесінің қатысушысы шешім жобасын пысықтауға кері қайтарған кезде, жоба орындаушыға пысықтауға кері қайтарылады;
Тармақша 4
4) егер өтініш беруші Жүйенің сыртқы порталында тіркелген болса, рұқсат беру органының басшысы шешімге қол қойғаннан кейін, ол автоматты түрде өтініш берушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Егер өтініш рұқсат беру органына қағаз нысанында ұсынылған болса, рұқсат беру органының басшысы Жүйеде шешімді ЭЦҚ куәландырғаннан кейін, жауапты орындаушы оны шығарады және Жүйеден тыс (пошта бойынша, қолма-қол) өтініш берушіге жібереді.
Тармақ 41
41. Өтінішті қарау мерзімін ұзарту мынадай операциялардан тұрады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда өтінішті қарау мерзімін ұзартуға бастамашылық ету;
Тармақша 2
2) өтінішті қарастыруды аяқтаудың жаңа мерзімін көрсетумен рұқсат беру органының басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған хабарлама өтініш берушіге жіберіледі.
Тармақ 42
42. Өтініш берушінің өтінішті қайтарып алуы мынадай операциялардан тұрады:
Тармақша 1
1) егер өтінішті қарастыру процесі әлі аяқталмаған болса, өтініш беруші өтінішті қайтарып алу процесін бастамашылық ете алады;
Тармақша 2
2) өтініш негізінде орындаушы Жүйеде өтініш берушінің өтінішті қайтарып алу фактісін белгілейді, бұл ретте өтінішті бұдан әрі қарастыру тоқтатылады;
Тармақша 3
3) егер өтініш Жүйенің ішкі порталында қалыптасқан болса, өтініш берушінің өтініші негізінде орындаушы осы өтінішті Жүйеде белгілей отырып, өтінішті кері қайтарады.
Тармақ 43
43. Жүйеден тыс жүзеге асырылатын өтініштерді қарастыру процесінің мынадай операциялары Жүйенің ішкі порталы арқылы автоматтандырылмайды:
Тармақша 1
1) рұқсат беру органының ішкі құрылымдық бөлімшелеріне сараптамалық қорытынды алу үшін өтінішті жіберу;
Тармақша 2
2) рұқсат беру органының ішкі құрылымдық бөлімшелеріне өтініш бойынша қосымша мәліметтерді беруге сұрау салуды жіберу.
Тармақ 44
44. Өтінішті қарау барысында қалыптастырылатын құжаттарды ЭЦҚ-мен куәландыруды рұқсат беру органының басшысы (уәкілетті тұлға) рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғаның) атына берілген заңды тұлғаның ЭЦҚ-сы арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 45
45. Өтініштерді қарастыру барысында алқалы әрекеттер (комиссия отырысы, тестілеу, дауыс беру және т.б.), сондай-ақ мемлекеттік органдарға жатпайтын ұйымдармен жүргізілетін әрекеттер автоматтандырылмайды және Жүйеден тыс жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 6. 6-параграф. Өтініштерді қарау процесінде мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінің Жүйемен өзара іс-қимылы
6-параграф. Өтініштерді қарау процесінде мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінің Жүйемен өзара іс-қимылы
Тармақ 46
46. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру шеңберінде қалыптасатын барлық өтініштер, хабарлаулар, өтініштер бойынша шешімдер Жүйеде тіркеуге жатады. Егер көрсетілген құжаттар мемлекеттік органның цифрлық жүйесінде қалыптасқан болса, олар рұқсат беру органының жауапты қызметкері қол қойғаннан кейін Жүйеге міндетті жіберілуге тиіс. Бұл ретте, құжатқа қол қойғанға және тапсырғанға дейін мемлекеттік органның цифрлық жүйесі ӘҚНК беру үшін Жүйеге сұрау салуды жүзеге асырады.
Тармақ 47
47. Лицензиялау, рұқсат беру және хабарлама жасау рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінің Жүйемен барлық өзара іс-қимылдары Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
Тармақ 7. 7-параграф. Рұқсаттар тізіліміне берілген рұқсат туралы мәліметтерді енгізу
7-параграф. Рұқсаттар тізіліміне берілген рұқсат туралы мәліметтерді енгізу
Тармақ 48
48. Өтінішті әртүрлі себептерге байланысты тіркеу және қарастыру процестерін автоматтандыруға мүмкінкіншілігі жоқ және мақсатқа сай болмаған рұқсат беру рәсімдері үшін Жүйеде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 355/НҚ «Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29901 болып тіркелген) сәйкес Жүйеден тыс жүзеге асырылатын өтініштердің оң нәтижелерін рұқсаттар тізіліміне енгізу жөніндегі функционал қарастырады.
Тармақ 49
49. Рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғаның) атына берілген рұқсаттар тізіліміне енгізу кезінде өтініштерді қараудың оң нәтижелері туралы мәліметтер заңды тұлға арқылы рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғаның) ЭЦҚ-сымен куәландырылады.
Тармақ 50
50. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 13-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда, жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған кезде, мемлекеттік деректер қорынан Жүйеге жеке тұлғаның қайтыс болғаны туралы хабарлама жіберіледі.
Хабарлама алғаннан кейін Жүйе автоматты түрде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке тұлғаға берілген рұқсаттар мен хабарламалардың күшін жояды.
Басқа 0. Әкімшілік құжаттың нөмірі мен кодын қалыптастыру
бұйрығына қосымша
Рұқсаттар мен хабарламалардың
мемлекеттік цифрлық жүйесінің
жұмыс істеу қағидаларына
қосымша
Нысан
Әкімшілік құжаттың нөмірі мен кодын қалыптастыру
Әкімшілік құжаттың барлық нөмірлері мен кодтары рұқсат беру органының немесе хабарлама жасау тәртібін жүзеге асыратын органның құжат түріне қарамастан бірдей құрылымға ие. ӘҚНК 15-разрядтық фасеттік құрылымның мынадай түрін білдіреді:
ССККТТТНННННННН, мұнда:
СС
КК
ТТТ
НННННННН
ISO 3166-1 және ГОСТ 7.67 стандарттарына сәйкес қос таңбалы (альфа–2) мемлекеттің коды
ISO/IEC 7064:2002 стандартының MOD-97-10 алгоритміне сәйкес есептелген екі бақылау цифры, EBS204 V3.2 сәйкес әріптерді кодтау алгоритмі
құжат түрінің үш нышанды коды, түрін белгілеу үшін латын әліпбиінің 24 әрпі пайдаланылады («I» және «O» әріптерін қоспағанда барлығы)
көрсетілген түрдегі құжаттың сегіз таңбалы цифрлық реттік нөмірі
Үлгі: «KZ03АВС00000001» (басып шығару кезінде оқуға ыңғайлы болу үшін нөмірді екі топқа бөлуге болады, мысалы, «KZ03 АВС 0000 0001», алайда енгізу және өңдеу кезінде бос аралықтар ескерілмейді).