О внесении изменения в решении маслихата города Актобе от 29 апреля 2016 года № 36 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по городу Актобе» Күшін жойған
Басқа 0
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 36 «Ақтөбе қаласы бойынша пайданылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 36 «Ақтөбе қаласы бойынша пайданылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4939 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 маусымдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 1 маусымдағы «Актюбинский вестник» газетінде, 2016 жылғы 2 маусымдағы «Ақтөбе» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына және 704-бабының 3-тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
Тармақ 2
2. «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы шешімді Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.