О внесении изменении в постановление районного акимата от 29 ноября 2016 года № 496 «Об установлении квоты рабочих мест по Курмангазинскому району» Күшін жойған
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 496 «Кұрманғазы ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2016 жылы 29 қарашадағы №496 «Құрманғазы ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3727 тіркелген, 2017 жылдың 12 қаңтарында «Серпер» газетінде жарияланған) қаулысының 1 тармағы өзгертіліп, мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұйымдардың тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде Құрманғазы ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленсін».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Бектемировке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.