О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 29 августа 2016 года № 568 «О некоторых вопросах концессий и государственно-частного партнерства» Күшін жойған
Басқа 0
«Концессиялардың және
мемлекеттік-жекешелік
әріптестіктің кейбір
мәселелері туралы»
Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 29 тамыздағы
№ 568 қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Концессиялардың және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 568 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5596 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2016 жылғы 22 қыркүйекте және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қыркүйекте жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. «Жобаларға сараптама жүргізу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес сараптама жүргізу үшін;
жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлға болып айқындалсын.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Е.Г. Кимге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.