О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 февраля 2016 года № 61 «Об утверждении Правил реализации приоритетного права государства на приобретение аффинированного золота для пополнения активов в драгоценных металлах» и постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 июля 2018 года № 167 «Об утверждении Правил проведения Национальным Банком Республики Казахстан аукционов в рамках реализации денежно-кредитной политики» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 61 қаулысына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 167 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13617 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына, «Бағалы металдар және асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 52) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына, «Бағалы металдар және асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы металдар және асыл тастар туралы заң) 5-бабының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 52) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын (бұдан әрі – басым құқық) іске асыру тәртібін айқындайды.»; 18-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді. 2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17355 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 25) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу тәртібін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын (бұдан әрі – ақша-кредит саясаты) іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу тәртібін айқындайды.»; 3-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қағидаларда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) аукциондық платформа – Ұлттық Банк аукциондар жүргізу үшін пайдаланатын цифрлық жүйе;»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) деректерді берудің цифрлық жүйесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамының қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (бұдан әрі – ҚААТЖ) немесе бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесінің көмегімен шифрланатын қаржы құралдарымен (Society for Worldwide Interbank Financial Telecommunication) операциялар бойынша ақпарат берудің және есеп айырысулар жасаудың халықаралық банкаралық жүйесі;»; 8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) аукционға қатысу күні алдындағы қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан көп рет ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін бұзбауы. Көрсетілген талап аукционға қатысушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс) 213-бабының бесінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған әкімшілік айыппұл төлеген күнге дейін қолданылады;»; 13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «13. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге байланысты аукционға қатысушыларға деректерді берудің цифрлық жүйесі арқылы Ұлттық Банк беретін ақпаратта мынадай мәліметтер қамтылады:»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Ұлттық Банктің аукционға қатысушыларға техникалық себептер (деректерді берудің цифлық жүйелерінің жұмысында іркіліс болған жағдайда) бойынша бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге байланысты ақпаратты деректерді берудің цифрлық жүйесі арқылы беруі мүмкін болмаған жағдайда бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге байланысты ақпаратты қағаз жеткізгіште беруіне рұқсат етіледі.»; 18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «18. Аукционға қатысушы бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 11.30-ға дейін уәкілетті бөлімшеге бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға өтінімді аукциондық платформа арқылы электрондық түрде береді.»; 20-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «26. Уәкілетті бөлімше Астана қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-ге қарай бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға өтінімдерді Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына жинақтайды. 27. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған кезде оның орнындағы адам Астана қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы туралы алынған деректер негізінде кесімді мөлшерлеме, өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешім қабылдайды, одан кейін Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.»; 33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «33. Уәкілетті бөлімше бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.30-дан кешіктірмей бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының қорытындысы туралы ақпаратты Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастырады.»; 45-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «45. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізуге байланысты аукционға қатысушыларға деректерді берудің цифрлық жүйесі арқылы Ұлттық Банк беретін ақпаратта мынадай мәліметтер қамтылады:»; 46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «46. Ұлттық Банктің аукционға қатысушыларға техникалық себептер (деректерді берудің цифрлық жүйелерінің жұмысында іркіліс болған жағдайда) бойынша бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге байланысты ақпаратты деректерді берудің цифрлық жүйесі арқылы беруі мүмкін болмаған жағдайда бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге байланысты ақпаратты қағаз жеткізгіште беруіне рұқсат етіледі.»; 50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «50. Аукционға қатысушы бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізу күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 11.30-ға дейін уәкілетті бөлімшеге аукциондық платформа арқылы бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға өтінімді электрондық түрде береді.»; 52-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «58. Уәкілетті бөлімше Астана қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-ге қарай бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға өтінімдерді Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына жинақтайды. 59. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам Астана қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы туралы алынған деректер негізінде кесімді мөлшерлеме, өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешім қабылдайды, одан кейін Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.»; 65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «65. Уәкілетті бөлімше бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізу күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.30-дан кешіктірмей бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып өткізілген сату аукционының қорытындысы туралы ақпаратты Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастырады.»; 74-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 79-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «79. Ұлттық Банк бастапқы агенттерге деректерді берудің цифрлық жүйесі арқылы беретін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционын өткізуге байланысты ақпаратта мынадай мәліметтер қамтылады:»; 80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «80. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционын өткізуге байланысты ақпаратты Ұлттық Банк техникалық себептер (деректерді берудің цифрлық жүйесінің жұмысында іркіліс болған жағдайда) бойынша деректерді берудің цифрлық жүйесі арқылы бастапқы агенттерге беруі мүмкін болмаған жағдайда, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционын өткізуге байланысты ақпаратты қағаз жеткізгіште беруіне рұқсат етіледі.»; 83-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «83. Бастапқы агент электрондық аукционды өткізу күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 11.30-ға дейін уәкілетті бөлімшеге Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімді аукциондық платформа арқылы электрондық түрде береді.»; 87 және 88-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «87. Уәкілетті бөлімше электрондық аукцион шеңберінде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 11.30-ға қарай бастапқы агенттердің Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімдерін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына жинақтайды. 88. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам Астана қаласының уақыты бойынша сағат 11.30-дан 13.00-ге дейін электрондық аукцион туралы алынған деректер негізінде баға талаптары, өтінімдерді қанағаттандыру көлемі және (немесе) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыру туралы шешім қабылдайды, одан кейін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.»; 92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «92. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыру туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті бөлімше электрондық аукционды өткізу күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 13.30-ға дейін бастапқы агенттерге Қағидалардың 79 және 80-тармақтарында көзделген тәртіппен Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруды өткізу талаптарын жібереді.»; 98 және 99-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «98. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруға қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі туралы ақпарат негізінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруды жүзеге асырады және Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын үстеме орналастыруды өткізу күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17.00-ден кешіктірмей бастапқы агентті қағаз жеткізгіште не аукциондық платформа арқылы электрондық түрде өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабардар етеді. 99. Уәкілетті бөлімше сату бойынша аукцион өткізу күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 13.00-ге дейін бастапқы агенттерге уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам айқындаған дисконтталған бағалар шегінде бастапқы агенттермен Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастырудың дисконтталған бағасы мен жарияланған көлемін келіскен соң Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционын өткізуге байланысты ақпаратты жібереді.»; 104 және 105-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «104. Уәкілетті бөлімше дисконтталған баға шегінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастыру көлемі туралы ақпарат негізінде сату аукционы шеңберінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастыруды жүзеге асырады және сату бойынша аукционды өткізу күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17.00-ден кешіктірмей бастапқы агентті қағаз жеткізгіште не аукциондық платформа арқылы электрондық түрде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының қанағаттандырылған көлемі туралы хабардар етеді. 105. Уәкілетті бөлімше жазылу нысанында аукционды өткізу күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-ге дейін бастапқы агенттерге Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционын өткізуге байланысты ақпаратты, сондай-ақ уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам айқындаған дисконтталған бағаны жібереді.»; 111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «111. Уәкілетті бөлімше жазылу нысанындағы аукцион шеңберінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастыру көлемі туралы ақпарат негізінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын орналастыруды жүзеге асырады және жазылу нысанындағы аукционды өткізу күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17.00-ден кешіктірмей бастапқы агентті қағаз жеткізгіште не аукциондық платформа арқылы электрондық түрде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабардар етеді.»; 115 және 116-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «115. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционын өткізу күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.30-дан кешіктірмей Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының өткізілген аукционының қорытындысы туралы ақпаратты Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастырады. 116. Уәкілетті бөлімше және бастапқы агент Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын шығару және орналастыру талаптарында белгіленген ақы төленетін күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17.00-ден кешіктірмей орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес орталық депозитарийге бұйрықтарды береді.»; 121, 122 және 123-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «121. Орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу күнінің алдындағы жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 16.00-ден кешіктірмей, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеуден түсетін ақшаны алуға құқығы бар Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын ұстаушылардың тізімін қалыптастырады. 122. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу күні Ұлттық Банк Астана қаласының уақыты бойынша сағат 11.00-ге дейін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының санын, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу кезінде төленуге тиіс соманы және орталық депозитарийдің деректемелерін көрсете отырып, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының алдағы өтелуі туралы мәліметтерге сәйкес орталық депозитарийдің позициясына ақша аударуды жүзеге асырады. 123. Орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеуге бастапқы агенттің позициясына ақша аударуды өтеу күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-ге дейін олардың номиналдық құны бойынша жүзеге асырады.»; 129-тармақтың 5) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 140-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «140. Депозиттік аукцион өткізу күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 11.30-ға дейін контрәріптес аукциондық платформа арқылы депозиттік аукционға электрондық түрде қатысуға өтінім береді.»; 142-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «148. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам Астана қаласының уақыты бойынша сағат 11.30-дан 13.00-ге дейін депозиттік аукцион туралы алынған деректердің негізінде кесімді мөлшерлеме, өтінімдерді қанағаттандыру көлемі не депозиттік аукционды өткен жоқ деп тану туралы шешім қабылдайды, одан кейін депозиттік аукционға қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.»; 160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «160. Уәкілетті бөлімше депозиттік аукцион өткізу күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.30-дан кешіктірмей Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында өткізілген депозиттік аукционның қорытындысы туралы ақпарат орналастырады.»; 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 4-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 6-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 7-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 8-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 10-қосымша осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 3.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 27 шілдедегі № 87 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 2-қосымша Нысан ____________________ шығыс нөмірі 20__ жылғы "___"_______ Бағалы қағаздарды кері сата отырып, сатып алу аукционына қатысуға өтінім 20___ жылғы "___"________N __________ шығарылым бойынша (аукционның бірегей сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі) Аукционға қатысушы _______________________________________________________ (толық атауы және оның жеке шоты) жеке сәйкестендіру коды немесе банктік сәйкестендіру коды _______________, Ұлттық Банкке ______ күн кері сатып алу мерзімімен және ________ кері сатып алу күнімен мына талаптармен бағалы қағаздарды сатуға дайындығын білдіреді: Өті­нім нө­мі­рі Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың ұлт­тық сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі не ха­лы­қа­ра­лық сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Аук­ци­он­ға қа­ты­су­шы­ның же­ке шо­ты Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың но­ми­нал­ды кө­ле­мі (тең­ге) Но­ми­нал­ды құ­ны бой­ын­ша са­ту кө­ле­мі (тең­ге) Но­ми­нал­ды құ­ны бой­ын­ша са­тып алу кө­ле­мі (тең­ге) Кі­рі­сті­лік мөл­шер­ле­ме­сі Бә­се­ке­лес ұсы­ны­стар­мен өті­нім­дер Жиын­тығы Бә­се­ке­лес емес ұсы­ны­стар­мен өті­нім­дер Жиын­тығы Басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам) ______________________________________________________________ _________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)                                          қолы
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 20__ жылғы ___ __________ № ___ қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 3-қосымша Нысан Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосы 20___ жылғы "___"_________ № _________ аукцион Ең жоғарғы мөлшерлеме _______(пайызбен) Жарияланған көлемі ________ № р/с Аук­ци­он­ға қа­ты­су­шы Өті­нім тү­рі Өті­нім нө­мі­рі Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды са­тып алу кө­ле­мі, тең­ге Пай­ы­здық мөл­шер­ле­ме жа­ри­я­лан­ған шек­те­улер­ді ес­ке­ре оты­рып кө­ле­мі жа­ри­я­лан­ған шек­те­улер­ді ес­ке­ру­сіз кө­ле­мі бә­се­ке­лес бә­се­ке­лес емес жиын­тығы ор­та­ша мөл­шер­ле­ме бә­се­ке­лес бә­се­ке­лес емес жиын­тығы ор­та­ша мөл­шер­ле­ме 1 Жиынтығы _______ теңге оның ішінде, бәсекелес емес ұсынысы бар өтінімдердің саны _______ теңге Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам) _____________________________________________________________ __________________ Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Қолы
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 20__ жылғы ___ __________ № ___ қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 4-қосымша Нысан Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы бойынша өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлама 20__ жылғы "___"_________ № _________ Ұлттық Банк осымен Сіздің бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысуға берілген 20___ жылғы "___" ________ № __________ өтініміңіздің ______________ тенге сомасына қанағаттандырылғаны туралы хабарлайды. Орташа сараланған мөлшерлеме _____ (пайызбен) Аукционды жабу күні _____ Қанағаттандырылған өтінімдердің жалпы көлемі ______________ теңге Өті­нім № Аук­ци­он­ға қа­ты­су­шы­ның же­ке шо­ты Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың ұлт­тық сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі не ха­лы­қа­ра­лық сәй­кесте­ді­ру нө­мі­рі Но­ми­нал­дық кө­ле­мі Са­тып алу ба­ға­сы Са­тып алу кө­ле­мі Ке­рі са­ту ба­ға­сы Ке­рі са­ту кө­ле­мі Кі­рі­сті­лік мөл­шер­ле­ме­сі Ке­рі са­ту кү­ні Жиын­тығы Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам) ____________________________________________________________ ___________________ Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Қолы
Басқа 4
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 20__ жылғы ___ __________ № ___ қаулысына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 6-қосымша Нысан шығыс нөмірі 20__ жылғы "___"_______ Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға өтінім 20__ жылғы "___"_________ № _________ шығарылым бойынша (аукционның бірегей сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі) Аукционға қатысушы_____________________________________________________________ (толық атауы және оның жеке шоты) жеке сәйкестендіру коды немесе банктік сәйкестендіру коды________________ Ұлттық Банктен ______ күні кері сату мерзімімен және ________ кері сату күнімен мынадай талаптарда бағалы қағаздарды сатып алуға дайындығын білдіреді: Өті­нім нө­мі­рі Аук­ци­он­ға қа­ты­су­шы­ның же­ке шо­ты Кө­ле­мі (тең­ге) Кі­рі­сті­лік мөл­шер­ле­ме­сі (пай­ы­з­бен) Бә­се­ке­лес ұсы­ны­сы бар өті­нім­дер Жиын­тығы: Бә­се­ке­лес емес ұсы­ны­сы бар өті­нім­дер Жиын­тығы: Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам) ____________________________________________________________ ___________________ Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Қолы
Басқа 5
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 20__ жылғы ___ __________ № ___ қаулысына 5-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 7-қосымша Нысан Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысу үшін келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосы 20___ жылғы "___"_________ № _________ аукцион Ең жоғарғы мөлшерлеме _______(пайызбен) Жарияланған көлемі ________ № р/с Аук­ци­он­ға қа­ты­су­шы Өті­нім тү­рі Өті­нім нө­мі­рі Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды са­тып алу кө­ле­мі, тең­ге Пай­ы­здық мөл­шер­ле­ме­сі жа­ри­я­лан­ған шек­те­улер­ді ес­ке­ре оты­рып кө­ле­мі жа­ри­я­лан­ған шек­те­улер­ді ес­ке­ру­сіз кө­ле­мі бә­се­ке­лес бә­се­ке­лес емес жиын­тығы ор­та­ша мөл­шер­ле­ме­сі бә­се­ке­лес бә­се­ке­лес емес жиын­тығы ор­та­ша мөл­шер­ле­ме­сі 1 Жиынтығы _______ теңге оның ішінде, бәсекелес емес ұсынысы бар өтінімдердің саны _______ теңге Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам) ____________________________________________________________ ___________________ Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Қолы
Басқа 6
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 20__ жылғы ___ __________ № ___ қаулысына 6-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 8-қосымша Нысан Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы бойынша өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлама 20___ жылғы "____"__________ №______ Ұлттық Банк осымен Сіздің бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға берілген 20___ жылғы "___" ________ № __________ өтініміңіздің _______________ тенге сомасына қанағаттандырылғаны туралы хабарлайды. Аукционның орташа сараланған мөлшерлемесі _____ (пайызбен) Аукционды жабу күні _____ Қанағаттандырылған өтінімдердің жалпы көлемі ______________ теңге Өті­нім № Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың ұлт­тық сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі не ха­лы­қа­ра­лық сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Ба­ға­лы қа­ға­з­дың но­ми­нал­дық кө­ле­мі Ба­ға­лы қа­ға­з­ды са­ту ба­ға­сы Ашу кө­ле­мі Ба­ға­лы қа­ға­з­ды ке­рі са­тып алу ба­ға­сы Жа­бу кө­ле­мі Мөл­шер­ле­ме­сі Жиын­тығы Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам) _____________________________________________________ ___________________ Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Қолы
Басқа 7
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 20__ жылғы ___ __________ № ___ қаулысына 7-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 10-қосымша Нысан шығыс нөмірі 20__ жылғы "___"_______ Орналастыру нысаны (электрондық аукцион, (үстеме орналастыру), сату аукционы, жазылу нысанындағы аукцион) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға өтінім 20__ жылғы "___"_________ № _________ шығарылым бойынша (Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарды шығару және орналастыру талаптары негізге алына отырып шығарылым нөмірі көрсетіледі) Бастапқы агент __________________________________________________________________, (толық атауы және оның жеке шоты) Ұлттық Банкте ашылған №________________ корреспонденттік шоты, жеке сәйкестендіру коды немесе банктік сәйкестендіру коды ____________, ____ күн айналыс мерзімі және мынадай баға шарттары бойынша ________ өтеу күні бар Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға дайын екендігін білдіреді: № Қы­сқа мер­зім­ді нот­тар­дың са­ны (да­на) Ба­стап­қы агент­тің неме­се ин­ве­стор­дың же­ке шо­ты Бір қы­сқа мер­зім­ді нот­тың но­ми­нал­дық құ­ны (тең­ге) Но­ми­нал­дық құ­ны бой­ын­ша са­тып алу кө­ле­мі (тең­ге) Бір қы­сқа мер­зім­ді нот­тың дис­конт­тал­ған ба­ға­сы (тең­ге) Дис­конт­тал­ған ба­ға бой­ын­ша са­тып алу кө­ле­мі (тең­ге) Бә­се­ке­лес ұсы­ны­сы бар өті­нім­дер Жиын­тығы: Бә­се­ке­лес емес ұсы­ны­сы бар өті­нім­дер Жиынтығы: Басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам) ____________________________________________________________ ___________________ Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Қолы