О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 66 «Об утверждении Правил по присвоению почтовых индексов в Республике Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 66
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14158 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 101) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Қазақстан Республикасында
пошта индекстерін беру жөніндегі қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды
интеллект және цифрлық
даму министрі
2026 жылғы 19 маусымдағы
№ 333/НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 66 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасында
пошта индекстерін беру жөніндегі қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 101) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) мекенжай блогы – астана, облыс немесе республикалық маңызы бар қаланың шегіндегі ортақ екі таңбалы сандық кодпен біріктірілген жылжымайтын мүлік объектілерінің жиынтығы;
Тармақша 2
2) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК) – «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесімен бірігетін жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды;
Тармақша 3
3) пошта индексi – пошта жөнелтілімiн немесе пошталық ақша аударымын жiберудi жылдамдату мақсатында жылжымайтын мүлік объектiлерiне оларды әкiмшілік-аумақтық сәйкестендіру және жүйелендіру үшін берiлетiн, мекенжайдың шартты цифрлық және әріптік белгiленуі;
Тармақша 4
4) пошта саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыруды, мемлекеттік бақылауды, қызметті үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
Тармақша 5
5) Ұлттық пошта операторы – Заңда көзделген міндеттемелер жүктелген, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, пошта саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пошта операторы.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасында
пошта индекстерін беру тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасында
пошта индекстерін беру тәртібі
Тармақ 3
3. Пошта индексі жеті таңбадан тұрады және ол мынадай түрде қалыптастырылады:
1 (бірінші) таңба (латын әріпі) – астана, облыс немесе республикалық маңызы бар қала коды;
2 (екінші) және 3 (үшінші) таңба (араб цифрлары) – мекенжай блок коды;
4 (төртінші) таңба (латын әріпі), 5 (бесінші) таңба (араб цифры), 6 (алтыншы) таңба (латын әріпі), 7 (жетінші) таңба (араб цифры) – мекенжай блок шегіндегі жылжымайтын мүлік объектісінің коды.
Тармақ 4
4. Жылжымайтын мүлік объектілеріне пошта индексін беру Ұлттық пошта операторы жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жылжымайтын мүлік объектілеріне пошта индексін беру Ұлттық пошта операторының цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Ұлттық пошта операторы орналасқан жерінің мекенжайы бар және «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесіне енгізілген әрбір жылжымайтын мүлік объектісіне пошта индексін береді.
Тармақ 7
7. Пошта индекстерін беру мақсатында Ұлттық пошта операторының цифрлық жүйесі «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесімен интеграцияланады. «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесіне қол жеткізу Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 83-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Жылжымайтын мүлік объектілеріне пошта индексін беру мынадай түрде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесінде жылжымайтын мүлік объект тіркелгенде Ұлттық пошта операторының цифрлық жүйесіне МТК түседі;
Тармақша 2
2) Ұлттық пошта операторының цифрлық жүйесі МТК анықтайды және автоматты түрде жылжымайтын мүлік объектісіне пошта индексін береді.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының аумағында пошта индекстерінің бірыңғай базасын жүргізуді Ұлттық пошта операторы жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Ұлттық пошта операторы пошта индекстерінің бірыңғай базасының цифрлық жүйесі жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ пошта индекстерінің бірыңғай базасына қол жеткізуді бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Ұлттық пошта операторы пошта индекстерін уәкілетті органның интернет-ресурсында және https://open.post.kz веб-сайтында орналастыру арқылы жеке және заңды тұлғаларға ақысыз негізде Қазақстан Республикасының пошта индекстерінің бірыңғай базасына қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады.
Тармақ 12
12. Ұлттық пошта операторы жергілікті атқарушы органдарға Интернет желісі арқылы пошта индекстерінің бірыңғай базасына қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады.