О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 29 ноября 2016 года № 7-11 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аккайынском районе Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-11 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-11 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 3971 болып тіркелді, 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық ақтілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
келесі мазмұндағы 16-1 тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 16-1
«16-1. Әлеуметтік көмек осы қағидаларға 3-қосымшаның 18-1) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.»;
3 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Қ. Садыков
2017 жылғы «22» маусым
«Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесісің басшысы
_____________ Е. Остертак
2017 жылғы «22» маусым
Басқа 4
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 12-2 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданында әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларына
3-қосымша
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі
Тармақша 1
1) жетiмдiк;
Тармақша 2
2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;
Тармақша 4
4) туғанынан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiң шектелуi;
Тармақша 5
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуы;
Тармақша 6
6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінiң шектелуi;
Тармақша 7
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;
Тармақша 8
8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;
Тармақша 9
9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
Тармақша 10
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
Тармақша 11
11) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұруы;
Тармақша 12
12) кәмелетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
Тармақша 13
13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
Тармақша 14
14) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру;
Тармақша 15
15) «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, женілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар және жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңістірілген адамдардың басқа да санаттардың шот-фактурасын және орындалған жұмыстар актісін ұсынуымен тіс протездеуге мұқтаждығы (бағалы металлдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден тіс протездеуің қоспағанда);
Тармақша 16
16) «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, женілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар және жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңістірілген адамдардың басқа да санаттардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;
Тармақша 17
17) «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5 және 7-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;
Тармақша 18
18) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдарға денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсыну бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаждығы;
Тармақша 18-1
18-1) амбулаторлық емделуде жүрген азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы, денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсынуымен;
Тармақша 19
19) 3-4 сатыдағы онкологиялық дертке шалдыққан адамдарға, сатысын есепке алмағанда 18 жасқа толмаған адамдарға, денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсыну бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаждығы;
Тармақша 20
20) «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, женілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар және жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңістірілген адамдардың басқа да санаттардың, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендердің Қазақстан Республикасының аумағында жол жүру құжатын ұсынуымен теміржол (плацкарт вагон), жолаушылар тасымалдайтың автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен жол жұру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы.