О внесении изменений в решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 29 ноября 2016 года № 7-11 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аккайынском районе Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-11 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 7-баптарына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-11 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3971 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 желтоқсандағы жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында: 17 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
Тармақ 17
«17. Әлеуметтік көмек осы қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет көрсетіледі.»; 3-қосымшаның 11) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
Тармақша 11
«11) пробация кызметінің есебінде болуы;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.