О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 29 ноября 2016 года № 7-11 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аккайынском районе Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-11
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-11 шешіміне (2016 жылғы 28 желтоқсанда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық ақтілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3971 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
5-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
Тармақ 5
«5. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 17-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»;
келесі мазмұндағы 18-1 тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 18-1
«18-1. Әлеуметтік көмек осы қағидаларға 3-қосымшаның 21) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, екі еселік ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.»;
20-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
3-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының
2020 жылғы 30 шілдесі
№ 40-5 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданында әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларына
3-қосымша
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі
Тармақша 1
1) жетiмдiк;
Тармақша 2
2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девиантты мiнез-құлық;
Тармақша 4
4) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;
Тармақша 5
5) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
Тармақша 6
6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
Тармақша 7
7) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
Тармақша 8
8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;
Тармақша 9
9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
Тармақша 10
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;
Тармақша 11
11) пробация қызметінің есебінде болуы;
Тармақша 12
12) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
Тармақша 13
13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
Тармақша 14
14) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3) тармақшасында, 8-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да адамдардың, сондай-ақ Кариб дағдарысының кезеңінде 1962 жылғы 1 қыркүйектен 1963 жылғы 30 қараша аралығында «Анадырь» әскери-стратегиялық операциясына қатысқан тұлғалардың шот-фактурасын және орындалған жұмыстар актісін ұсынуымен тіс протездеуге мұқтаждығы (бағалы металлдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден тіс протездеуін қоспағанда);
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3) тармақшасында, 8-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да адамдардың, сондай-ақ Кариб дағдарысының кезеңінде 1962 жылғы 1 қыркүйектен 1963 жылғы 30 қараша аралығында «Анадырь» әскери-стратегиялық операциясына қатысқан тұлғалардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4-бабында көрсетілген ардагерлердің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;
Тармақша 18
18) амбулаторлық емделуде жүрген азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы, денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсынуымен;
Тармақша 19
19) 3-4 сатыдағы онкологиялық дертке шалдыққан адамдарға, сатысын есепке алмағанда 18 жасқа толмаған адамдарға, денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсыну бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаждығы;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3) тармақшасында, 8-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да адамдардың, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен тұлғалардың және Кариб дағдарысының кезеңінде 1962 жылғы 1 қыркүйектен 1963 жылғы 30 қараша аралығында «Анадырь» әскери-стратегиялық операциясына қатысқан тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында жол жүру құжатын ұсынуымен теміржол, жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы;
Тармақша 21
21) денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсынуымен, ауруы адамның имунитет тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған балалардға қосымша күшейтілген тамақтануға және тұрақты күтімге мұқтаждығы.