О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2016 года № 907 «Об утверждении Правил законотворческой работы Правительства Республики Казахстан» и от 28 марта 2019 года № 149 «О некоторых вопросах нормотворческой деятельности в Республике Казахстан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 және «Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 28 наурыздағы № 149 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында: 51-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) заң жобасы реттейтін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми (құқықтық, экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да) сараптамалардың нәтижелері бойынша қорытындылар. Ғылыми сараптаманың қорытындысымен келіспеген жағдайда заң жобасын әзірлеуші тиісті қорытындымен бірге келіспеу себептерінің уәкілетті ұйымдарға жіберілген жазбаша дәлелді негіздемелерін қоса береді;»; көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 149 қаулысында: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және норма шығармашылығы қызметінің тиімділігін арттыру, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде құқықтық ғылымның рөлін күшейту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бірыңғай мемлекеттік есебін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мыналар: 1) ғылыми қорытындылар мен өзге де талдамалық материалдарды, оның ішінде заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізу шеңберінде дайындау; 2) заңнамалық актілер жобаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету; 3) заңдардың, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету; 4) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді қамтамасыз ету; 5) мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу; 6) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу; 7) заңнамалық актілердің ағылшын тіліне аударылуын және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қызмет кәсіпорын қызметінің нысанасы болып айқындалсын. 5. Кәсіпорын: мемлекеттік органдардың норма шығармашылығы қызметін ғылыми сүйемелдеуді; Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті ұйым болып айқындалсын.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 8-қосымша «________________________________________________» заң жобасын жария талқылау қорытындылары бойынша есеп Заң жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланған күн _______ Барлық түскен ескертулер мен ұсыныстар _____ Оның ішінде қабылданды ____ Қабылданған жоқ (қабылданбау негіздері) _____ Жария талқылау өткізілген күн (-дер) (өткізілсе) ______ Келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер кестесі Р/с № Ав­тор Ұсы­ныс/ес­кер­ту Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ұста­ны­мы Ес­керт­пе 1. Ашық нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің ин­тер­нет-пор­та­лы­на түс­кен ес­кер­ту­лер және (неме­се) ұсы­ны­стар 1.1. Осы есеп­тің бас­қа бө­лім­де­рін­де көр­се­ті­л­ген субъ­ек­ті­лер­ді қо­с­па­ған­да, жа­рия тал­қы­лау про­це­сін­де (ашық нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің ин­тер­нет-пор­та­лы­на) түс­кен 1. 2. 1.2. Осы есеп­тің бас­қа бө­лім­де­рін­де көр­се­ті­л­ген субъ­ек­ті­лер­ді қо­с­па­ған­да, жа­рия тың­да­уда ті­ке­лей түс­кен 1. 2. 2. Қо­ғам­дық ке­ңе­стің мү­ше­ле­рі­нен түс­кен 1. 2. 3. Са­рап­та­ма­лық ке­ңе­стің мү­ше­ле­рі­нен түс­кен 1. 2. 4. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­нан түс­кен 1. 2. 5. Ак­кре­дит­тел­ген ком­мер­ци­я­лық емес ұй­ым­дар­дан түс­кен 1. 2. 3. 6. Заң­на­ма және құқық­тық ақ­па­рат ин­сти­ту­ты­нан түс­кен 1. 2. 3. 7.  Ғы­лы­ми құқық­тық са­рап­та­ма жүр­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ете­тін ұй­ым­нан түс­кен 1. 2. 3. 8. Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы ғы­лы­ми са­рап­та­ма жүр­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ете­тін ұй­ым­нан түс­кен 1. 2. 3. 9. Ғы­лы­ми эко­но­ми­ка­лық са­рап­та­ма жүр­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ете­тін уәкі­лет­ті ұй­ым­нан түс­кен 1. 2. 3. Бұл ретте әзірлеуші органның есепте жария талқылау шеңберінде жүргізілген басқа да жұмыстарға сипаттама беруіне болады. *Есептің 1.1, 2-9-бөлімдерін қалыптастыру ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында автоматты түрде жүзеге асырылады. 1.2-бөлімді әзірлеуші орган қалыптастырып, осы есепке қосады. _________________________________