О внесении изменений в постановление акимата Байзакского района от 29 июля 2016 года №351 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 351 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 351 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 22 тамыздағы №3152 болып тіркелген Байзақ аудандық «Ауыл жаңалығы - Сельская новь» газетінің 2016 жылғы 30 тамыздағы №86 (8472)) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14-тармақшасына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6-тармақшасына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; орысша мәтінінде қосымшасының атауы және 3-тармақтағы сөз өзгертілді қазақша мәтінінде өзгертілмейді.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Мұратұлы Ақбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.