О внесении изменений в решение Мангистауского областного маслихата от 29 сентября 2017 года № 13/158 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Мангистауской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 13/158 «Маңғыстау облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының «Маңғыстау облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 13/158 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3439 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларында: 3 тармақта: 3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.»; 5, 6 және 7 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын: «5. Көші-қон процестерін реттеу үшін «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға: шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға); қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді. 6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады. 7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе, жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.