О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 сентября 2017 года № 263 «Об утверждении Перечня типовых документов, образующихся в деятельности государственных и негосударственных организаций, с указанием срока хранения» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде: 1-бөлімде: 1.5.-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1.5. Ұйымның қызметін құқықтық қамтамасыз ету және азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу»; 107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: « 107 Азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілері Тұрақты Қағаз жеткізгіштегі құжат және онымен бірдей электрондық құжаттар. »; мынадай мазмұндағы 243-1-тармақпен толықтырылсын: « 243-1 Жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорын қолдау шаралары шеңберінде жасалатын кепілдік шарттары 10 жыл СТК Электрондық құжаттар*. »; 616-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: « 616 Электрондық цифрлық қолтаңбаның сәйкестігін растайтын тіркеу куәліктері туралы құжаттар (өтінімдер, өтініштер, хабарламалар, табельдер және басқа құжаттар) Тұрақты Электрондық құжаттар*. »; 898-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: « 898 Өзіндік мәні бар ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша аралық немесе кезеңдік есептер Тұрақты Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. *Ұйымның ведомстволық (жеке меншік) архивінде. »; 1006-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: « 1006 Пайдалы қазбалардың өсуі жөніндегі есептер: 1) жасалған орны бойынша жылдық; 2) ведомствоға қарасты ұйымдармен ұсынылған жылдық; 3) тоқсандық*; 4) айлық* Тұрақты Тұрақты 5 жыл 3 жыл Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. *Жылдық болмаған жағдайда - тұрақты. ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық Ауыл шаруашылығы даму министрлігі министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Білім және ғылым министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президентінің Іс Басқармасы «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің Сауда және интеграция атқарылуын бақылау жөніндегі министрлігі есеп комитеті «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар Ішкі істер министрлігі және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Экология, геология және Энергетика министрлігі табиғи ресурстар министрлігі