О признании утратившим силу приказа Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 августа 2017 года № 582 ДСП «Об утверждении Правил выполнения и оформления воинских перевозок перевозчиками независимо от формы собственности» Қолданыста
Басқа 0
«Меншік нысандарына қарамастан тасымалдаушылардың әскери тасымалдарды орындау және рәсімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 582 ҚБПҮ бұйрығының
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Меншік нысандарына қарамастан тасымалдаушылардың әскери тасымалдарды орындау және рәсімдеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16395 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі