О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2017 года № 933 «О перечне водохозяйственных сооружений, имеющих особое стратегическое значение, в том числе которые могут быть переданы в аренду и доверительное управление» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі: мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Құрылысы жоспарланған немесе құрылыс процесіндегі су шаруашылығы құрылыстары*: Түркістан облысындағы Өгем өзеніндегі су электр станцияларының каскады бар су құбыры.»; мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: «Ескертпе: *Осы тармақта көрсетілген су шаруашылығы құрылыстары пайдалануға берілгеннен кейін олар осы тізбенің тиісті тармағына енгізілуге жатады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.