О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2017 года № 933 «О перечне водохозяйственных сооружений, имеющих особое стратегическое значение, в том числе которые могут быть переданы в аренду и доверительное управление» Күшін жойған
Басқа 0
«Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесіне:
«Мынадай су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар):» деген 1-тармақта:
3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 58) тармақшамен толықтырылсын:
«58) Нұра өзеніндегі Самарқанд су қоймасы.»;
«Мынадай су шаруашылығы құрылыстары:» деген 2-тармақ:
мынадай мазмұндағы 30), 31) және 32) тармақшалармен толықтырылсын:
«30) Сырдария өзеніндегі Көксарай су реттеуіші;
31) Астана қаласының Есіл өзенін тасқын су басудан қорғау бөгеті;
32) «Батыс» коллекторы бар Қызылқұм магистральды каналы.»;
«Мынадай қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстары (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, су құбырын тазартқыш құрылыстар):» деген 3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Нұр-Сұлтан».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.