О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2017 года № 933 «О перечне водохозяйственных сооружений, имеющих особое стратегическое значение, в том числе которые могут быть переданы в аренду и доверительное управление» Күшін жойған
Басқа 0
«Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
29 желтоқсандағы № 933 қаулысына өзгеріс пен толықтыру
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде көрсетілген қаулымен бекітілген жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 59) тармақшамен толықтырылсын:
«59) Тұрғысын өзеніндегі Тұрғысын су қоймасы – 1.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Құрылысы жоспарланған немесе құрылыс процесіндегі су шаруашылығы құрылыстары*:
1) Түркістан облысындағы Өгем өзенінде су электр станциялары каскады бар су құбыры;
2) Ақсай өзенінің бассейніндегі сел ұстайтын бөгет;
3) Тұрғысын өзеніндегі Тұрғысын су қоймасы – 2;
4) Тұрғысын өзеніндегі Тұрғысын су қоймасы – 3.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.