О признании утратившим силу приказа Министра юстиции Республики Казахстан от 29 декабря 2018 года № 1648 «Об утверждении натуральных норм обеспечения РГКП «Центр судебных экспертиз Министерства юстиции Республики Казахстан» автомобилям, телефонной связью, офисной мебелью и площадями для их размещения» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК көлік құралдары, телефон байланысы, кеңсе жиһаздары және оларды орналастыруға арналған алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1648 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК көлік құралдары, телефон байланысы, кеңсе жиһаздары және оларды орналастыруға арналған алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1648 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18144 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.