О внесении изменения в постановление акимата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 29 декабря 2018 года № 1967 «Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории города Петропавловска» Күшін жойған
Басқа 0
«Петропавл қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1967 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8-бабының 2) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Петропавл қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1967 қаулысына (2019 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5143 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы 1-тармақта «Мир» сөзі «Нұрсұлтан Назарбаев» сөзіне ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Петропавл қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы Қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.