О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 29 марта 2018 года № 247/30-V «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата города Астаны» Күшін жойған
Басқа 0
«Астана қаласы мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы»
Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы
29 наурыздағы № 247/30-V шешіміне
өзгерістер енгізу туралы»
«Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр–Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Астана қаласы мәслихатының Аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 247/30-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1170 тіркелген, 2018 жылдың 24 сәуірінде «Aстана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын»;
«Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілді» деген сөз «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімімен бекітілді» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Астана қаласы мәслихатының Аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіндегі: «Астана» деген сөз барлық мәтін бойынша «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.