О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2018 года № 297 «Об установлении особенностей деятельности ликвидационных комиссий добровольно ликвидируемых банков» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18176 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерінде: 11-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және мемлекеттік кірістер органдарына банкті ерікті түрде таратудың басталғаны туралы хабарлайды;»; 36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «36. Банктің ағымдағы шоттары теңгеде және қажет болса шетел валютасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылады.»; 53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «53. Кредиторлардың шағым-талап қоюы (өтініш беруі), оларды тарату комиссиясының қарауы және қабылдауы, сондай-ақ банктің аралық тарату балансын қалыптастыру мен бекіту Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысымен (бұдан әрі – № 40 қағидалар) бекітілген Банктерді таратуды және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату қағидалары мен тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптардың 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 103 және 103-1-тармақтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.